Аймақтар • 25 Мамыр, 2018

Қостанайда өткен жылы бюджет қаражатының басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына жұмсалған

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы облыс бюджеті 181 миллиард теңгені құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 миллиард теңгеге көп. Осы қаржының 86 пайызы республикалық бюджеттен тарнсферт арқылы келген. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыстық  қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова  өткен жылғы бюджет қаржысының қайда, неге жұмсалғанын айтып берді. 

Қостанайда өткен жылы бюджет қаражатының басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына жұмсалған

85 миллиард теңге экономиканы, әсіресе, ауыл шарупашылығын дамытуға жұмсалған. «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында  арқылы 203 жобаға субсидия берілген. Облыста бірінші рет 1,4 миллиард теңге  мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке жұмсалған. 

Биыл 3,7 миллиард теңге бағдарламаларға бөлінген. Оның ішінде  денсаулық сақтау  саласына ең көп қаржы кетті, ол 574 миллион теңгені құрады. Ол қаржы  рентген аппараттарын сатып алуға, «Жедел жәрдем» үшін  шақыруларды үйлестіретін кол-орталығын құруға жұмсалмақ. Спорт та  ипподромды жөндеу мен спорт клубтар ашу үшін өз сыбағасын алады.  Мектепртерге оқулықтар алу мен компьютерлер сатып алу үшін 17 және 20 миллион теңге бөлінді. Биыл бірінші рет  ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге үлкен қаржы –9,4 миллиард теңге шығарылып отыр. 

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бөлінген қаржыны төкпей-шашпай, өзінің ізіне, мақсатты жұмсалуы  қатты назарында болатынын ескертті.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай