Әлем • 25 Мамыр, 2018

Андрес Иньеста Жапонияда ойнайтын болды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барселонаның» экс-капитаны Андрес Иньеста алдағы маусымда Жапонияның «Виссел Кобе» командасында ойнайтын болды.

Андрес Иньеста Жапонияда ойнайтын болды

Келісімшарттың мән-жайы ашып айтылмады. Бірақ Иньестаның Жапонияда бірнеше жыл доп тебетіні белгілі. «Виссел Кобе» биылғы маусымды 9-орында аяқтады.

Осыған дейін 33 жастағы жартылай қорғаушы Қытайдың «Чуньцин Лифань» командасына ауысады деп күтілген. Сондай-ақ, бұрынғы жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола оны «Манчестер Ситиге» шақырмақ болғаны туралы сыбыстар болды.

Иньеста каталониялық команданың сапында 16 маусымда бас-аяғы 32 кубок жеңіп алды. 9 дүркін Испания чемпионы атанса, 7 мәрте ел кубогына ие болды, төрт рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Сонымен қатар Испания құрамасының сапында Еуропаның екі дүркін және әлемнің бір дүркін чемпионы атанды.

Андрес Иньеста «Барселона» командасының жүйесінде 22 жыл уақытын өткізді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше