Аймақтар • 26 Мамыр, 2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында  «Нұр Отан» партиясы жергілікті  филиалы бастаған «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар»  жобасының бірінші кезеңі  аяқталуға жақын.

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

«YBYRAI» Жас программистер Лигасы» Қоғамдық қорының директоры Әзиза Шөжееваның  айтуынша,  бүгінде облыстағы қалалары мен аудандарда 15 IT-сынып ашылмақ.  Барлық 15 сыныпта оқыту алдағы  апталарда басталады. Сыныптарда еліміздің жоғары оқу орындарын техникалық мамандықтар бойынша бітірген түлектері  жұмыс жасайды. Болашақ IT-маманы, жобаға қатысушы Алмас Нұрахметов. Ол аутизммен ауыратын балаларға арналған мобильдік қосымша жасаумен айналысуда.

Жергілікті филиал төрағасының орынбасары  И. Теренченконың  айтуынша, «Нұр Отан» партиясының  жобасы қалада, ауылдарда тұратын балаларды IТ-білімге баулу үшін жүргізілуде. Әлем талабы күн сайын өзгеруде. IТ-технологиялар тілін үйрену қажет.  IТ-сыныптар сондай-ақ, өңірдегі Шарбақты, Успен, Үштерек  ауылы мектептерінде ашылды.

Қор директоры  Ә. Шөжеева жаңашыл жобаны жедел жүзеге асыруға қолдау білдіргені үшін облыс әкімі Болат Бақауовқа алғыс білдірді. Арнайы свитшот сыйға тартты. Ал «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» партиялық жобасы 3 жылға жоспарланған. Осы аралықта елімізде 1000 IT-сынып ашылмақ. Онда жалпы саны 8 бен 16 жас аралығындағы 450 мың жас жеткіншек оқытылады. Балалар мұнда бағдарламалар, веб-сайттар, анимация және мобильдік қосымшалар жасауды үйренеді.

Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген Айбек Жұматов

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше