Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Жанназарова Нұргүл Алмасқызы қатысты.
-Қазіргі күні халықтың денсаулығын жақсарту, өмірін ұзарту – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондықтан дәрігерлер кәсіби білікті болуы тиіс әрі сапалы қызмет көрсетуге міндетті, деді Н.Жанназарова.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»