Қазір орталықта сал ауруына (БЦП) шалдыққан 3-15 жас аралығындағы 50 бала ем алуда. Жастар балалар жақсы көретін кейіпкерлердің бейнесінде келіп, олармен би билеп, сыйлықтар табыстады. Орталық емделушілері ғана емес, олардың ата-аналары да мерекелік көңіл күйге еніп, балаларымен бірге би билеп, олардың көңілді уақыт өткізулеріне жағдай жасады.
Ал бүгін 12 жасқа толып жатқан Бекболат үшін бұл есінде қалатын туған күні болды. Балалар мен ата-аналары, орталық қызметкерлері мен қонақтар да Бекболатты ерекше ықыласпен ортаға шақырып, туған күнімен құттықтап, тезірек сауығып кетуін тіледі.
Орталыққа емделуге келген ата-аналардың бірі мерекені «Бүгін балаларға сыйлаған керемет көңіл күй үшін алғыс айтамын. Жастарға жұмыстарында сәттілік, табыс тілеймін. Қасиетті Рамазан айында тілектеріміз қабыл болсын. Балаларымыз ауырмасын. Орталықтың қызметкерлеріне ерекше рахмет айтқым келеді» деген сөздерімен аяқтады.
Оңалту орталығына балалар емделуге Астана қаласынан ғана емес, Қарағанды, Талдықорған, Тарбағатай, Екібастұз қалаларынан да келген. Мамандар елімізде церебральды сал ауруын ең кең таралған аурулардың біріне жатқызды. Осы диагноз қойылған балалар жылына кемінде 3-4 рет ем қабылдаулары керек екен. Орталықтың ашылуына «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қоры»-мен қатар, «Нұр Отан» партиясы да қолдау білдірген.