Әдебиет • 30 Мамыр, 2018

Оразадағы ой: Әли хазіреттің жауабы

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пайғамбардың (с.ғ.с) інісі әрі жалғыз қызы Бәти­маның жары, ислам дүние­сінің төртінші халифасы Әли ибн Тәліп хазіретіге мұсыл­маншылыққа бет бұр­май қасарысқан бір пенде келіп: «Ей, Әли, сендер бұл өмір уақытша сынақ деп жүр­сіңдер, о дүниеде есеп-қисапқа тартыламыз деп қор­қасыңдар, таңнан тұрып намаз оқып, адалдықпен өмір сүреміз деп қиналасыңдар. Осы сендер сеніп жүрген о дүниедегі есеп-қисап болмай қалса не болдыңдар, өкінесіңдер-ау?» дейді.

Оразадағы ой: Әли хазіреттің жауабы

Сонда Әли хазіреті: «Сіз өте орынды сұрақ қойдыңыз, мен жауап берейін, сіз айтқандай о дүниеде есеп-қисап болмайтын, маһшар күні таразы тартылмайтын болса да менің ұтыларым жоқ. Өйткені таңмен намаз оқып ерте тұрдым, таза ауа жұттым, елден бұрын тірлігіме кірістім, өзіңіз айт­қандай ұрлық жасамадым, өтірік айтпадым, соның арқасында елге сыйлы болдым, бейбіт-тыныш өмір сүрдім. Бұдан пайда таппасам, ұтылған түгім жоқ. Ал сіз о дүниеге сенбей, қа­лауыңызша өмір сүріп жатырсыз. Алда-жалда есеп күні болып, маһшарда таразы тартылып, күнәлар сал­мақтанса сіз қайтесіз?» деген екен.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»