Қазақстан • 07 Маусым, 2018

Түрмелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция өтті

473 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Орал қаласында бас бостандығынан айыру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, күресу мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын барысында Батыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Түрмелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция өтті

Мем­ле­кет­тік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыс­тық сотта «Пенитенциярлық ме­ке­мелердегі сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мекемелердің заманауи тех­но­ло­­гиялары, тетіктері мен ресурстары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға департамент қыз­­меткерлері, облыс судьялары, қыл­­мыстық-атқару жүйесі депар­та­­менті өкілдері, арнайы аймақтық мо­н­и­торингтік топ мүшелері, «Адам құ­қығы және заңдылық сақталу бойынша бюросы» қоғамдық ұйымы облыстық филиалының басшылығы және баспасөз өкілдері қатысты.

– Мемлекет басшысы алдымызға қойған басты міндеттің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес және заң үстемдігі. Елімізде алдын алу, білім беру-тәрбиелеу және жазалау шараларынан құралған сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа өрне­гі жасақталды. Адам өмірі үшін маңызды мәселелерге қатысты заңнамалық актілерге толық тексеру жүргізуге назар аударылды, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған жаңа заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алушы мекемелер жемқорлық қаупін талдап, мониторинг жүргізуде. Нақты органдарда жемқорлықты жою бойынша ұсынымдар дайындалуда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес страте­гиясын жүзеге асыру аясында мұн­дай мони­торинг жазасын өтеп жат­қан сот­талушылардың құқығын қор­ғау бойынша халықаралық міндет­те­ме­лердің орындалу барысын анық­тау үшін облыстың қылмыстық-атқару жүйе­сіне жүргізілді. Тексеру нәти­же­сінде анықталған жайттар бойынша ти­істі ұсынымдар жасалды, – дейді Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқаны туралы мәлімдеді. Сот жүйесінде жем­қорлыққа қарсы бағдарламаны орын­дау мақсатында жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді жоспар жасақталған. Жоспар міндеті – жемқорлықпен күреске судьялар мен мамандарды тарту, сот жүйе­сіндегі жемқорлыққа мүлдем төз­бейтін қоғам қалыптастыру. Жем­қор­лық факторын жою үшін сот қыз­метінде азаматтардың арыздары мен ұсыныстарына сергек қарау, шағымдарға уақтылы шара алу, судья­лық корпус және сот қыз­мет­кер­лері тарапынан жасалған құқық бұ­зушылықтар туралы сенім телефонына хабарлау өте маңызды.

Конференцияда сөз алған Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұлов қылмыстық істер мен материалдарды бейнеконференцбайланыс арқылы қарап, сотталушылар мен тұлғаларды түрмеде және тергеу изоляторларына ауыстырмай қарайтын «Қашықтық сот процесі» туралы айтып берді. Бұл технология уақыт пен бюджет қаражатын, сондай-ақ жалпы қауіпсіздік режімін сақтауға мүмкіндік береді. 2018 жылдың басынан бастап, сот қылмыстық-атқару жүйесінің үш мекемесі бойынша 169 ұйғарымды бейнеконференциялық байланыс арқылы қарады. Азаматтарға қызмет көрсетуде IТ-технологияны пайдалану қарым-қатынасты ашық етіп, сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.

Өз саласындағы сыбайлас жем­қор­­лыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы облыстың Қыл­мыс­тық-атқару жүйесі депар­та­ментінің басшысы Дмитрий Кобцев баян­дады. «Адам құқықтары және заң­дылықты сақтау бюросы» қо­ғамдық бірлестігі облыстық фили­алы­ның директоры Павел Кочетков бас бос­тандығынан айыру орындарында сот­тал­ғандардың заңды құқықтарын сақтау туралы баян-
дама жасады.

Конференцияға қатысушылар атап өткендей, тиімді мемлекеттік аппарат құруда мемлекеттік қызметшілердің әде­бі маңызды рөл атқарады. Сон­дық­­тан мемлекеттік органдарда мем­лекеттік қызметшілердің эти­ка­лық кодексі мен мемлекеттік қыз­мет ту­ралы заңды сақтау, сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы бірлесе күресу мақ­са­тында Батыс Қазақстан облыстық со­ты­ның төрағасы Б.Әметов пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Б.Исақов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум мемлекеттік ор­ган­дар мен ұйымдардың, квази­мем­л­екеттік сектор субъектілерінің қыз­метінде және мемлекеттік басқару мә­се­лесінде коррупцияның алдын алуға, оның пайда болу себептерін азайтуға негіз болады дейді конференцияны ұйымдастырушылар.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы