Облыс әкімі Болат Бақауов өңірдегі Ақсу қаласына барып құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлерді көріп қайтты. Жұмыс сылбыр, жеделдік байқалмайды деді. Қала әкімі Николай Дычко тамыз айына дейін үйлердің құрылысын аяқтап, тапсырамыз деп уәде берді.
Бірақ, қаладағы Молодежная көшесіндегі үй құрылысын жүргізетін жатқан мердігер компания - «ДСК Монтаж» ЖШС болса-әлі үйдің іргетасы құйылмаған. Наурыз айында басталатын жұмысты құрылысшылар енді ғана қолға алыпты. Сондықтан, мердігерді ауыстыру мәселесі де туындауы мүмкін.
Қаладағы тағы бір жоба- Еуразиялық топтың (ERG) тұрғын үй бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы кедергісіз жүргізілуде,биыл 70 металлург пәтер алмақшы.