Аймақтар • 12 Маусым, 2018

Жамбыл өңірінде жүзеге асырылатын жобалар жеткілікті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 584,2 миллиард теңгені құрайтын 42 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. 

Жамбыл өңірінде жүзеге асырылатын жобалар жеткілікті

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Арнұр Мұхаметжановтың айтуынша, бүгінге дейін аталған жобаның 23 жобасы нақты іске асырылып үлгерген. Аталған жобалар 39,9 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, екінші бесжылдық көлемінде қарастырылған жобалар толығымен іске қосылған жағдайда 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Жамбыл өңірінде бүгінде 60578 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді. Сондай-ақ, оларда жұмыспен қамтылғандар саны 127 659 адамға жетіп отыр. «Есепті кезеңде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары күшімен 133,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл тұрғыда аумақтық кесімде өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылға қарағанда барлық аудандарда, мысалы, Байзақ ауданында 115,7, Жамбылда 106,6, Жуалыда 103,8, Қордайда 116,7, Т.Рысқұловта 105,3, Меркіде 125,4, Мойынқұмда 109,6, Сарысуда 105,8, Таласта 108,8 және Шу ауданында 100,1 пайызға артып отыр», дейді басқарма басшысы.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы