14 Желтоқсан, 2011

№15 сын-қатер

325 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Туудың күрт құлдырауы, демографиялық дағдарыс және тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығының төмендеуі Ұлттық қауіпсіздіктің жетекші дәрежесін күшті демографиялық және миграциялық саясат ілгерілетуі тиіс. Егер, біздің мемлекеттік органдар аталған мәселеге бұ­рын­ғы­сынша сүлесоқ қа­рай­тын болса, онда біз ХХІ ғасырға Ресейдің артынан «демо­гра­фия­лық крест» жағ­да­йын­да енетін боламыз. Өйткені, мұндай жағдайда тұрғындар саны сыртқы миграция үдерістері есебінен ғана емес, сондай-ақ табиғи өсімнің кемуі салдарынан да азаятыны түсінікті. Бұл үрдіс шұғыл түрде тоқтатылуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030» Жолдауынан.

Алматы қаласы, 1997 жылғы 10 қазан.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің еліміз туудың күрт құл­дырауымен және демографиялық дағдарыспен бетпе-бет келді. Мұны тұ­тас мемлекеттің ыдырауымен байланысты экономикалық және басқа бай­ланыстардың бұзылуы туындатса, ол өндірістің күрт төмендеуіне, жұ­мыс­сыздықтың артуына, өмір сапасының нашарлауы мен азамат­тардың елден көптеп кетуіне алып келді. Қазақстан қатал демографиялық дағ­дарыс­тың табалдырығында қалды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы елдің барлық тұрғындары үшін күрделі кезең болды. Тәуелсіздік алар тұста, 1991 жылы, Қазақстан Республикасының тұрғындары 16,9 млн. адамды құрады. Мұнда 1000 адамға шаққандағы өлім-жетім 8,0 пайызды, туу 21,0 пайызды, тұрғындардың табиғи өсімі 13,0 пайызды құрады. Тұрғындардың орташа жасының ұзақтығы 68,6 жыл болды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі келесі онжылдық кезеңде, яғни 2000 жылға қарай ел халқы 12,5 пайызға кеміп, елде 14,8 миллион адам қалды. Өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 8,0-ден 10,1-ге дейін өсті. Туу да азайып, 14,7 болса, сәйкесінше, тұрғындардың табиғи өсімі де төмендеп, 1000 адамға 4,6-ны құрады. 2004 жылы тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 66,14 жыл болды. 2010 жылы қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 2004 жылғы көрсеткіштен 2 жылға асып түсіп, 68,4 жылды құрады. Елді дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиясында тұрғындардың күтіліп отырған орташа өмір жасының ұзақтығын 72 жасқа дейін ұлғайту, ана мен бала өлімі деңгейін 2 есеге дейін төмендету, тұрғындардың жалпы өлім-жітімін 30 пайызға азайту туралы міндет қойылған болатын. Сонымен бір мезгілде, әлеуметтік саланы дамыту, демо­графиялық ахуалды жақсарту, тууды ынталандыру мен ана мен баланы қолдау мәселелері Тәуелсіздіктің 20 жылы бойына мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі қатарында болып келді. 2003 жылдан бастап балалы отбасы­ларын қолдауға бағыт­талған бюджеттік қаржыландыру шаралары 20 еседен астамға ұлғайды. Мәселен, 2010 жылы бала тууына орай төленетін жәрдемақы үшін мемлекет 15,0 млрд. теңге, ал баланы бағып-күту үшін 19 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақ­саруына байланысты денсаулық сақтау жүйесін қаржылан­дыру 2002 жылы ІЖӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына (566,9 млрд. теңге) дейін ұлғайды. Экономикалық ахуалдың артуына орай, әлеуметтік саладағы заңнама үдемелі қарқынмен жетілдіріліп отырды. Мемлекет қабылдаған шаралар нәтижесінде медициналық-демо­графиялық статистикада оң өзгерістер көрініс берді. 2011 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы тұр­ғындарының саны 2000 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға артып, 16,4 млн. адамды құрады. Өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 8,94-ке дейін төмендеді. Туу коэффициенті 1,5 есе көбейіп, 2010 жылы 1000 адамға есептегенде 22,5-ке жетті. Сәйкесінше, тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 2,9 есеге ұлғайып, 1000 адамға шаққанда 13,6-ны құрады.   Халықтың жалпы саны (мың адам)