Қазақстан • 18 Маусым, 2018

Бірғаным Әйтімова: Мәлімет неге дер кезінде берілмейді?

436 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілер мен депутаттарға жолданған хаттарға қарасақ, халық менингит дертінің таралуына алаңдаулы екенін байқаймыз. Дәрігерлер керісінше, орын алып жатқан жағдайлар қалыпты екенін, қорқатын себеп жоқтығын айтуда.

Бірғаным Әйтімова: Мәлімет неге дер кезінде берілмейді?

Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты үсті­рт екені байқалып тұр. Өйткені статистикаға жүгін­сек 2013 жылы елде менингитпен 117 адам ауырып, оның 23-і, 2014 жылы 119 адам ауы­рып 29-ы, 2015 жылы 424 адам ауырып 26-сы, 2016 жы­лы 120 адам ауырып 15-і, 2017 жылы 62 адам ауырып 11-і көз жұмған. Ал биылғы 5 маусымға дейін менингокок инфекциясын жұқтырудың 58 фактісі тіркеліп, 13 адам қай­тыс болды. Яғни, бұрын тіркелгендердің 5-17 пайызы қайтыс болса, биыл бұл көрсеткіш 22,5%-ға жетіп отыр.

Осыдан-ақ жағдайдың қалыпты еместігін және өкілетті орган тарапынан шұғыл әрі төтенше шаралар қажеттігін көруге болады. Денсаулық сақтау министрі Алматы қаласына келіп тексеріс жүргізгенінде медицина мекемелерінің шұғыл режімде жұмыс істеуге да­йын еместігі, сондай-ақ емдеу мекемелерінің, қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің, жедел жәрдем стансаларының жұмысында жүйелілік жоқ екені анықталды.

Әлеуметтік желілердің 19 мамырда дабыл көтергеніне қарамай, Бас мемлекеттік сани­тарлық дәрігер тек 3 маусымда, ал министрдің өзі 4 мау-
сымда ғана баспасөз конференциясын өткізді. Қоғамдық пікірге жауап берудегі, сыбыс пен теріс пікірге қарсы тұ­руда мұндай баяулыққа жол берілмеуі керек еді.

Халық құзырлы органнан елде не болып жатқанын, кім­дерге қауіп төнетінін, алаң­дау­ға негіз бар-жоғын, ин­фек­­циядан қалай сақтану ке­рек­тігін біліп, вакцинация қажет пе және оны қайдан алуға болады деген сұрақтарға кезінде жауап алуы керек. Ал менингитке қатысты хабарлар аз және қажетті шаралар уақтылы қабылданбағанын айтуға болады. Тіпті емдеу мекемелерінің осы дерт симп-
томдарымен түскендерді қабылдауға дайын еместігі жөнінде фактілер де орын алды.

Менингококк эпидемия­сына қарсы дайындықты қам­тамасыз ету аурудың жағдайын анық­таудан бастап, оларды тексеру мен зертханалық рас­тауға дейінгі шаралардан тұ­рады. Дүниежүзілік ден­сау­лық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша профилактика 1 жас-
тан 29 жасқа дейінгі барлық адамдарға вакцина салуды қарастырады.

Жоғарыда баяндалған­дар­ды ескере отырып, қалып­тас­қан жағдайды объективті бағалау және ел арасында алаң­даушылыққа жол бермеу мақ­сатында Үкімет келесі сұрақтарға жауап беруі қажет деп санаймыз:

- Бас мемлекеттік сани­тар­лық дәрігердің қалыптасқан жағдай кезіндегі рөлі қандай, аурудың тарауына байланыс-
ты алдын алу шаралары неге жасалмады?

- осы мәселе бойынша ха­лық­қа консультация беру үшін Call-орталықтар неге уақтылы ашылмады?

- инфекцияны тасымалдау­шы көздер, ошақтары, жасырын тасымалдаушылары туралы нақты ақпарат бар ма? Олар­ды анықтау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

- елде осы ауруға диагнос-
тика жүргізетін зертханалар жеткілікті ме?

- әлемдік тәжірибе негізінде осы дерттің таралуына қалай жол бермеуге болады, алдын алу шаралары қандай?

- менингококк және бас­қа инфекциялар бойын­ша кү­­дікке ілінген пациент­тер­­ді медициналық сара­лау қа­шан және қалай ұйым­дас­ты­рылады?

Біз осы сұрақтарға жауап бе­руді өтініп, Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдадық.

Бірғаным ӘЙТІМОВА,

Сенат депутаты