Қазақстан • 20 Маусым, 2018

Жауынгер денесі 74 жылдан кейін ата-баба қорымына қойылды

321 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан рота командирі, капитан Қайырқожа Әбутәліпов жерленген Эстонияның Нарва ауданындағы Андрасаре деревнясының маңындағы бауырластар зиратынан әкелінген капсула жауынгердің өз туған жері Қарашілік ауылындағы ата-баба қорымына қойылды. Отаны үшін жанын пида еткен боздаққа әскери құрмет көрсетілді. 

Жауынгер денесі 74 жылдан кейін ата-баба қорымына қойылды

Аудан әкімі Мереке Мұстафин өз сөзінде бұл ша­раның маңыздылығына тоқталып, алты мыңға жуық зеренділік соғыс арда­гер­ле­рінің ерлігі елге мұра, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті. Бұдан кейін об­лыс­тық қорғаныс іс­тері де­партаментінің бас­ты­ғы Руслан Қасы­мов пен «Қа­рулы күш­тер­дің ар­дагерлері» рес­пуб­ли­ка­лық қоғамдық бір­лес­тігі облыстық фили­алы­ның төрағасы Жанат Ере­жепов жүрекжарды сөз­дерін айтып, марқұм майдангерге арналған «Қызыл әскердің құрылғанына 100 жыл» мерейтойлық медалін майдангердің інісі Айдос Әбутәліповке табыс етті. 

– Қайырқожа Әбутә­лі­пов 1923 жылы Қара­ші­лік ауылында туған. Оты­зын­шы жылдары Қарашілік пен Ортағаш ауылдары «Сталин» ұжымшарының құ­­ра­мында болды. Дүние­ні дүр сілкіндірген соғыс бас­талғанда осы екі ауыл­дың жетпіске жу­ық азаматымен бірге 1899 жылы ту­ған әкеміз Әбутәліп Дос­ма­ғамбетұлы соғысқа аттанып, майданда мерт болды. Қай­ырқожа Әбутәліпов жас­тайынан ұжымшардың бас бухгалтері, кейін бас­қар­ма төрағасы қызметін атқар­ды. Оттай жанып тұр­ған өжет әрі сом де­нелі жігіт 1942 жылы қолы­на қару алып, Отанын қор­ғау­ға аттанды. Соғысқа ке­тер­де інісі Көкіні бауыры­на басып, оның әкесінің ор­нын басатынын, өзінің ор­нына Айдос қалатынын айтып кетіпті. Аға­тайым Вол­хов май­да­­нындағы 286-атқыш­тар дивизиясының 986-а­тқыштар полкінің 5-ат­­­қыштар ротасы құра­мы­н­да соғысты. Қиян-кес­­кі ұрыста шейіт бол­ған бауырымыздың тағ­ды­­ры жөнінде бертінге дей­ін хабарсыз болдық. Со­ғыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орд­енімен және «Ерлігі үшін», «Майдандағы қыз­меті үшін» медальдарымен марапатталған, – деді боз­дақтың інісі Айдос Әб­у­­тәліпов өз сөзінде. 

Ақмола облыстық жұ­мыс­пен қамту жә­не әлеу­мет­тік бағ­дар­ла­ма­ларды үй­лестіру бас­қар­масы бас­шысының орынбасары Ал­тын Айдосқызы Ресей Фе­дерациясы Қорғаныс ми­нистрлігінің «1941-1945 жыл­дары болған Ұлы Отан со­ғысындағы халықтың ерлігі» атты (Құжаттардың электрондық банкінен) ақпараттық ресурсынан, Ұлы Отан соғы­сын­дағы ерлік пен марапат жө­ніндегі әскери мұра­ғат­­тағы құжаттардан аға­сының ерлігі жөнінде мә­лімет алған. Онда 1943 жыл­­дың 19 наурызында қор­ғаныстың алдыңғы ше­бін бұзу кезінде Қай­ыр­қожа Әбутәліпов қарша бо­раған оқтың астымен ал­ға жылжып, өз ротасын ша­буыл­ға көтерді делінген. Жау­дың қорғанысына бі­рін­ші болып кірген жас сар­дар екі фашист офи­це­рін тұтқынға алып, по­лк шта­бына жеткізуді ұйым­дас­­тырыпты. Оның үстіне окоп­та бес фашистің кө­зін құртқан. 

1943 жылдың 11 сәу­ірінде басқын­шы­лар­мен бол­ған ұрыста не­міс­­тер окоптың сол жа­ғы­­на лап қояды. Коман­дир өз ро­та­сының сол жақ қа­на­тын­дағы бір топ жау­ын­­­гер­лерді ұйым­дас­ты­рып, бес сағат бойы  қорғанған. Кей­ін қар­сы шабуылдап, не­­міс­тер­ді окоптан қуып шы­­ға­ды. Мұнда жаудың он шақты офицері мен сол­­датының денесі қалған. Сөй­­тіп рота командирі, ка­­питан Қай­­ырқожа Әбутәліпов со­­нау сұрапыл соғыста ер­лік­тің өшпес үлгісін көр­сет­ті. Өкінішке қарай, ол 1944 жылдың наурызында ерлікпен қаза тапты. Эстонияның Нарва ауданындағы Андрасаре деревнясының маңындағы бауырластар зиратында жерленген. Бұл зираттың то­пырағын туған жерге әке­луге Мәскеуде тұратын зе­ренділік жерлесіміз, Ре­сей өндірісінің мұнай өнім­дерін Қазақстанда са­татын «Alef trade» кә­сіп­­­орнының бас директо­ры Қайырлы Ғалиев пен эстон­дық бокс қау­ым­дас­тығының президенті Александр Карабаев қолұштарын со­зыпты. Қайырқожа Әбу­тә­ліпов жерленген бау­ыр­ластар зиратынан әке­­лінген капсуладағы то­пы­рақ Қарашілік ауы­лын­дағы ата-бабалары, ту­ыс-туғандары жатқан зи­­ратқа жерленіп, басына ес­керткіш тас пен гүл шоқ­та­ры қойылды. 

Рамазан ТІЛЕУОВ,

журналист

Ақмола облысы