14 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста бетпе-бет келген ЖИЫРМА СЫН-ҚАТЕР

407 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Егеменнің» арнаулы жобасы

  Қауіпсіздік

№ 1 сын-қатер

Заңды ресімделген және халықаралық мойындалған мемлекеттік шекараның болмауы

Қазақстан-Қытай шекарасының өтуі туралы мәселені реттеу туралы ҚХР-мен 1994 жылы қол қойылған келісімнің Қазақстан үшін орасан зор маңызы бар. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. 1996 жылдың  7 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауынан.   Халықаралық қоғамдастық Қазақстанның егемендігін мойындағаннан кейін біздің еліміздің заңды танылған шекарасы болған жоқ, сондықтан түрлі трансұлттық қатерлер мен геосаяси қауіптер алдында әлсіз болды. Көптеген халықаралық сарапшылар ол туралы діни белгілері бойынша бөлшектенген мемлекет болады деп болжам айтқандықтан, көп ұлтты республиканың өзінің тәуелсіздігінің бастауында-ақ қалыптаспаған мемлекет болып шығуы мүмкін еді. Елдің аумақтық тұтастығын сақтау үшін өзіміздің мемлекеттік шекараларымызды шұғыл түрде халықаралық құқық нормаларына сәйкес нығайту және заңды ресімдеу үдерісін үдете жүргізу керек болды. Ұзақ та тыңғылықты жұ­мыс­тардың нәтижесінде Қа­зақ­станның мемлекеттік ше­ка­­ралары қазіргі уақытта то­лықтай заңды түрде ресімделіп, халықаралық құжат­тар­мен делимитацияланды: * Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы ҚР мен ҚХР арасындағы 1994 жыл­дың 26 сәуіріндегі келісім, ҚР және ҚХР арасын­да­ғы мемлекеттік шекара сы­зы­ғын демаркациялау туралы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы 2002 жылдың 10 мамырындағы хаттама; * Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы туралы ҚР мен ӨР арасындағы 2001 жыл­ғы 16 қарашадағы келісім-шарт; * Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы ҚР мен ҚР арасындағы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы келісім-шарт; * Қазақстан-түркімен мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркация үде­рісі туралы ҚР мен Түр­кі­мен­стан арасындағы 2005 жылғы 5 шілдедегі келісім-шарт; * Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы ҚР мен РФ арасындағы 2005 жыл­ғы 18 мамырдағы келісім-шарт. Аумағы жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстанның шекаралары барлық экономикалық қиындықтарға қарамастан, таяудағы жылдары сенімді бекітілетін болады. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. 1999 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауынан. Қазіргі уақытта Қазақстан Респуб­ли­касының Қытай Халық Рес­пуб­ликасымен мемлекеттік шекарасы белгіленген және толық жаб­дық­талған. Өзбекстанмен және Түркі­мен­стан­мен шекараларды демарка­ция­лау аяқталуға жақын. Ресей және қырғыз бағыт­та­рын­дағы мемлекеттік шекара учаскелеріне шекара бағандарын орнату жөнінен белсенді жұмыстар жүр­гізілуде. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерінің бақылауында бүгінде барлығы 14 мың шақырымнан астам мемшекара бар. * Ресеймен шекара – 7200 километр (әлемдегі ең ұзақ құрлықтағы шекара). * Өзбекстанмен шекара – 2150 км. * Қытаймен шекара – 1740 км. * Қырғызстанмен шекара – 1050 км. *Түркіменстанмен шекара – 400 км. Бүгінде барлық жерлерде де мемлекеттік шекараны күзетудің жаңа технологиялары енгізілуде. Қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдардың біздің елімізге өтіп кетуінің алдын алуға жағдай жасайтын, шетелдіктердің келуі мен кетуіне бақылау жасаудың біртұтас ақпараттық жүйесі енгізіліп, дамытылуда. Бүтіндей алғанда, қазіргі уақытта республика мен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік шекара мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік еге­мендігіне қол сұғылмау­шы­лық­ты сақтау үшін берік тұғырнама жасалды.