Үкімет • 25 Маусым, 2018

Марат Бекетаев министрлік жұмысының нәтижесін баяндады

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазмедиа» орталығында Әділет министрі Марат Бекетаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтіп, жиын барысында ведомcтво басшысы әділет органдарының 2017 жылғы қызметін қорытындылап, 2018 жылға қойылған міндеттері туралы айтты.

Марат Бекетаев министрлік жұмысының нәтижесін баяндады

«2017 жылы конституциялық реформа аясында маңызды жұ­мыс­тар атқарылды. Реформа шең­берінде Үкіметтің Парламент алдында есеп беру және бақылау тетіктері нығайтылды. Бұдан басқа, өткен жылы құқық қорғау жүйесіне, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласына жаңғырту жүргізілді. Құқық қорғау жүйесін жаң­ғыр­­ту қылмыстық процесті гу­ма­­­низациялауға бағытталған. Мы­салы, тергеушінің шешіміне қа­­рамастан адвокаттың тергеу судья­сына шағымдану құқығы кеңей­тілді. Сонымен қатар әкім­ші­лік құқық бұзушылық саласын гуманизациялауға бағытталған заң қабылданды. Мысалы, 157-ден астам құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұлдар сомасы қысқартылды, жазаның 30 түрі жұмсартылды, қысқар­тыл­ған өндіріс институты кеңейтілді. Бұл жеті күн ішін­­­де айыппұлдың жартысын төлеу мүмкіндігін құқық бұзу­шылықтың көп құрамына қол­дануға мүмкіндік берді. Сон­дай-ақ заңды тұлғаларға қыс­қар­тылған өндірісті қолдануға мүмкіндік ашты.

Әділет министрлігі өткен жы­лы мүліктік құқықтарды қор­­ғауды күшейту мақсатында бар­­­лық заңнамаға ревизия жүр­гіз­ді. Нə­тижесінде бірқатар ұсы­­ныс­тар әзірленді. Мысалы, ба­нк­­тік қарыз шарттары бойынша қа­рыз алушыларға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, мем­ле­к­ет мұқтажы үшін жерді мәж­бүрлеп алып қою барысында тең сыйақы белгілеу шарттарын анықтау, мүлікті тәркілеу жағдайында меншік иелерінің құқықтарын қамтамасыз ету», деді Әділет министрі.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта сот-сараптамалық қызметінің тиімд­ілігін арттыру мен дамы­туға ерекше назар аударылып отырғанын тілге тиек етті.

«Өткен жылы «Сот сараптама қызметі туралы» заң қабылданды. Сот сарапшыларының палатасы құрылып, оның қызметі регламенттелді. Бүгінгі күні Республикалық палатада 105 жеке сот сарапшысы жұмыс істейді. Жеті аймақтық фили­ал құрылды. Олар Астана және Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақ­стан, Түркістан облыс­­тарында. Өткен жылдан бастап Қазақстанның сот-сарап­та­ма жүйесін «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік кәсіп­орны басқарады. Сараптамалық функцияларды бір ведомствоға беру нәтижесінде қаржылық ресу­рстар жинақталды, бірыңғай материалдық-техникалық база құрылды. Барлық сараптама түр­леріне тарифтерді анық­тау жоспарлануда. Бұл бюд­жет қаражатын барынша ұқыпты қол­дануға және қажетсіз сот-сараптамалардың санын қыс­қартуға әкеледі. Тұтастай ал­ғанда, Әділет министрлігі қыз­мет­тің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс атқаруда деді Марат Бекетаев.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»