Күрес • 25 Маусым, 2018

Бессайыстан әлем кубогы аяқталды

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада өткен Бессайыстан әлем кубогы финалы өз мәресіне жетті. 

Бессайыстан әлем кубогы аяқталды

Финалдық жарыстар Қазанат атшабарында өтті. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды Олимпиада чемпионы австралиялық Хлои Эспозито алды, ол жалпы 1337 ұпай жинады, (семсерлесу – 226, жүзу – 287, салт жүріс – 300, лазерран (жүгіру+ату) – 524), екінші орынды венгриялық Сарольта Ковакс алды, оның қорыжынында – 1324 ұпай (семсерлесу – 244, жүзу – 289, салт жүріс – 293, лазерран – 498), үздік үштікті литвалық Джинтари Винкаускайте түйіндеді. Оның ұпайы – 1371 (семсерлесу – 185, жүзу – 266, салт жүріс –  300, лазерран – 566).

Екінші күннің қорытындысы бойынша ерлер арасында бірінші орынды Кореядан келген бессайысшы  Джинхуа Джун иеленді, ол жалпы – 1431 ұпай жинады (семсерлесу – 258, жүзу – 305, салт жүріс – 300, лазерран – 568), екінші орын да кореялық спортшының еншісінде Вунтай Джун – 1426 ұпай (семсерлесу – 215, жүзу – 306, салт жүріс – 293, лазерран – 612) жинады, үштікті ирландиялық Артур Лэниган-О Кейфи түйіндеді, ол – 1425 ұпай (семсерлесу – 224, жүзу – 307, салт жүріс – 300, лазерран – 591) иеленді

Үшінші күн аралас эстафетамен қорытындыланды. Бірінші орынды италиялық бессайысшылар Элис Сотеро мен Рикардо де Лука алды, екінші орында кореялық спортшылар Кум Сун Во және Джи хун Ли, үшінші орында украиналық бессайысшылар Валерия Пермикина мен Павел Тимошенко.