Қазақстан • 26 Маусым, 2018

Астана – Қазақстанның шынайы жаңа келбеті

7537 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Астана – Қазақстанның шынайы жаңа келбеті

Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстанның жаңа астанасы­ның тұсаукесеріне қатысу құрметіне ие болған едім. Астана – ол тәуелсіз елдің жаңа астанасы! Бұл – көреген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл саяси шешімі. Ол шын мәнінде Астананы құрушы және оның бас архитекторы болып табылады. Қала көп этносты елдің жарасым тапқан ынтымағы мен береке-бірлігінің нақты көрінісін бүкіл әлемге паш етіп тұр.
Маған, әсіресе астананың брендіне айналған «Бәйтерек» монументі ерекше ұнайды және қызықтырады. Мен оны жемісі мол алма ағашына балаймын. Өйткені «бай» деген сөз татарша да бай деген ұғымды білдіреді. Астана – Қазақстанның жаңа өмірінің шынайы кескін-келбеті, ал Алматы – тарихи мұраға аса бай мегаполис. 

Уақыт өткен сайын бедел мен күш-қуат алып келе жатқан Қазақстан мемлекеті әлем картасында мықтап орнықты. Бұл бірегей де дара тұлға – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы деп білемін. 

Ол қазіргі заман сын-тегеу­рін­деріне батыл үн қата білді, әлемде бейбітшілікті қамтамасыз етуге байланысты өміршең бастамалар көтеріп отырды. Ең бастысы, ол өз елінің болашағы үшін адал қызмет етті, алдағы уақытта да солай бола беретініне сенімдімін.

Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген игі істің бастамашысы болды. Небір қиын шақтарда шыдамдылық танытты, одан шығудың жолдарын қарастырды. Елінің мол мүмкіндігін жүзеге асыруға белсене кірісумен болды. Бүгінде соның игілігін Қазақстан халқы кө­ріп отыр. Қазақ елін қазіргі кезде бү­кіл әлем таныды, халықаралық қо­ғамдастық мойындады.

Көптеген жылдар бойы мен Нұрсұлтан Әбішұлымен әңгі­ме­лесу бақытына ие болған жандардың бірімін. Біз онымен бірге бауырлас қазақ пен татар халықтарының арасындағы ежелгі тарихи достық қаты­нас­тарды нығайтудың, сондай-ақ біз­дің республикалар арасындағы көп­жақты ынтымақтастықты да­мытудың бастауында тұрдық. Шын ниетпен атап өтуім керек, Татарстан үшін саяси қиын жағ­­дай туған кезде Нұрсұлтан Назарбаев түсіністік танытып, біз­­ге беделді қолдау көрсетті. Бү­­­­гін­­де бауырлас халықтар ара­сын­­­дағы байланыстар нығайып ке­­леді. Оған біздің Президент Рус­там Минниханов ерекше назар ауда­рып отыр. Ең бастысы – бұл біз­дің халқымызға ұнайды. Осын­дай достық қатынастар ұр­пақ­­тан-ұр­паққа жалғаса беретін болады.

Осындай сәтті пайдалана оты­­­рып, жеке өз атымнан жә­не татарстандықтар атынан әсем Аста­на­ның туған күнімен қа­зақ­­стан­­дықтарды және Нұр­сұл­­тан Әбішұлын шын ниетпен құттық­тай­мын!

Минтимер ШАЙМИЕВ,
Татарстан Республикасының 
экс-президенті