Қазақстан • 26 Маусым, 2018

Қазақстанда киберспорт ресми түрде спорт түрі деп танылды

1214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда киберспорт ресми түрде спорт түрі деп танылды. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің сайтында хабарланды.

Қазақстанда киберспорт ресми түрде спорт түрі деп танылды

Киберспорт жанашырларының құрған Qazaq Cybersport Federation республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тарапынан қолдау мен ықыласқа ие болды. 

"Бүгінде электрондық спортты дамытуға кешенді мақсатты бағдарлама жасалып, халықаралық бейіндік ұйымдарға қосылу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Ресми түрде танылған және Федерациядан аккредитациядан өткен ұйым енді ресми түрде елімізді халықаралық алаңдарда өкілдік ете алады" , - делінген Федерацияның интернет-ресурсы (www.qcf.kz интернет) таратқан хабарламада.

2017 жылдың қазан айында киберспортты Халықаралық олимпиада комитеті олимпиадалық спорт түрі ретінде тану мәселесін қарауға алды. Сарапшылардың мәліметі бойынша, 2017 жылы киберспорт нарығының айналымы 655 миллион доллар болған, ал 2021 жылы оның айналымы 1,6 миллиард доллардан асады деген үміт бар.

Соңғы жаңалықтар