Қазақстан • 28 Маусым, 2018

Домбыра қазақтың жан дүниесімен байланысты - Елбасы

855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра мен қазақ әндері туралы айтты. Бұл туралы видео Ақорданың Facebook парақшасында жарияланды.

Домбыра қазақтың жан дүниесімен байланысты - Елбасы

«Домбыра қазақтың жан дүниесімен байланысты. Күйді, домбыраның әуенін, сазын мұрнына жусан иісі барған әрі Ұлы далада өмірге келген қазақ қана түсіне алады. Себебі бұл ерекше музыка адамның жан дүниесін көрсетеді, яғни мұңды немесе қуанышты, ойды ашық байқатады. Кешкілік домбыраны шертіп отырған кезде, барлығы ұмытылады. Маған бұл әсер ұнайды, сондай-ақ домбырада жақсы ойнайтын адамдарға құрметпен қараймын. Біздің қазақтың өлеңдері мен жырлары адамның жан-сезімін толқытады, оларда философиялық мазмұн бар. Қазақ әндері мен жырларында музыкаға емес, ондағы сөздерге мән беру керек. Бұл сөздердің мәні өте тереңде жатыр және олардың үлкен маңызы бар», - деді Мемлекет басшысы.