Аймақтар • 29 Маусым, 2018

Алматыда әскери мектеп базасында ІТ-сынып ашылды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қала тұрғындарының цифрлы ортадағы бейім­ді­лігін арттыру мақсатында тегін IT-сыныбы ашылды. Бүгінгі күні өмір көрсеткендей нарық жоғары ма­мандандырылған және сапалы жұмыс атқаратын қыз­мет­керлерге тапшылық байқалып отыр. Сол себептен заманауи тех­никалық тұрғыдан қолдау табудың, цифрлы білім беру ресурстарын дамытудың маңызы зор екені сөзсіз.

Алматыда әскери мектеп базасында ІТ-сынып ашылды

«Менің алғашқы маман­ды­ғым IT – технологияға бай­ланыс­ты, қазір Қазақ­стан­да цифр­­л­ан­ды­­ру жүріп жат­қа­нын ескер­сек, бұл аса өзекті мә­се­ле. Цифр­лан­дыру және ко­м­пью­терлік тех­ноло­гиялар заманында программист си­яқ­ты ойлау және кез келген іс-әре­кеттерді автомат­тан­дыру қа­білеттерін білу маңызды», деді «Нұр Отан» пар­тиясының Алматы қа­лалық филиалы төр­аға­сы­ның орынбасары, қа­ла­лық мәслихаттың депутаты Станислав Канкуров.

IT-сыныбы Қорғаныс минис­тр­лі­гі­нің әскери-тех­ни­калық мектебінің база­сында ашылды. Оқуға әртүрлі жас­­тағы ер адамдар мен әйел­дер келді. «Ең бастысы адамның оқу­ға деген ниеті мен уақыты болу керек. Оқу барысында мен өз ой-өрісімді және кә­сіб­и біліктілігімді арттыраты­ны­­ма сенімдімін», деді курс­қа қатысушы, алматылық Нұрмұхан есімді жігіт.

«Нұр Отан» партиясының «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында алдағы үш жылда еліміз бойынша тегін 1000 ІТ-сынып ашу жос­пар­ланып отыр. Бұл жоба бойын­ша жылына 150 мың ба­ла білім алатын бо­лады. Пар­тияның бұл тың бастама­сы аталған мәселенің оң шешілуіне ықпалын тигізетіні сөз­сіз. Ертеңгі күні 1000 IT бо­­ла­­шақ­қа өрілген мамандық иесі, білгір жас болып өмірге жол­­­дама алады. Мұны «Нұр Отан­­ның» қолға алып жатқан жар­­қын бастамасының бірі деп ой­ла­ңыз.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
  
АЛМАТЫ