Қазақстан • 04 Шілде, 2018

KazFUCA мүшелері елордаға жиналды

245 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық мұражайда Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» атты халықаралық конференция басталды. Шараны Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы (KazFUCA) және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастыруда.

KazFUCA мүшелері елордаға жиналды

Конференцияда Қазақ­стан­ның ұлтаралық келі­сім мен диалог орнату­дағы тәжірибесін таныс­тыру және тал­қылау, мә­дениетаралық диалог­ты қолдаудағы үздік тәжі­ри­белерді анықтау, жас­тар мен халықаралық ұйым­дар­дың сарапшылары арасын­да түсіністік алаңын құ­ру, «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­ламасын таныстыру тақы­рып­тары көтерілді. Оның жұ­­мысына Азия-Тынық мұхи­ты айма­ғындағы ЮНЕСКО клубтық қоз­ға­­лы­­сының, мемлекеттік орган­дар мен халықаралық ұйым­дар­дың өкілдері, 200-ге жуық ха­лықаралық және ұлттық сарапшылар қатысуда.

Шараны Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова ашты. Оның айтуынша, конференцияда көтерілген мәселелер Қазақстан үшін өте өзекті. «Бү­гінгі шараға билік, аза­маттық қоғам өкілдері жә­не түрлі халықаралық ұйым­дар мен ЮНЕСКО-ның 200-ден астам маманы қа­ты­сып жатыр. Олардың қа­та­рын­да ЮНЕСКО аясын­да өткізілген «The Рlanet of ART» шарасының жас же­ңімпаздары да бар. Тәу­ел­сіздік алған уақыттан бе­рі еліміз ата-бабаларымыз­дан қалған мәдени мұра­лар­ды қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Бүгінге дейін қа­зақ халқының көптеген мә­дени ескер­ткіштері, ел ау­мағындағы мате­ри­ал­дық жә­не материалдық емес мұ­ра­­лар жаңғыртылды. Ал 2013 жылдан бастап Қазақ­стан өзге елдердің мұ­­ра­­ға­тында сақталған ел тарихына қ­а­­тысты құнды деректерді жинақтау үс­тін­де. Бұл орайда, еліміздің мә­де­­ни жаң­ғыруының үшін­ші кезеңі, Мем­ле­кет бас­шысы ұсынған «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы өте маңызды. Сондай-ақ осы шара аясында қонақ­тар­ды 100-ден астам мәдениет пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан еліміздің үздік тәжірибесімен таныс­тыру және өзімізге шет­елдік қо­нақ­тардың жұ­мыс тәжірибесімен таны­су мүмкіндігі бар. Сессиялар жұ­­мысының соңында тұрақ­ты да­му және Қазақстан мен Азия-Ты­нық мұхиты аймағы жастарының көш­бас­шылық қасиеттерін дамыту бойынша нақты ұсынымдар әзірленеді деп ­күтеміз. Бүгінгі жиын ар­қы­лы қаты­су­шыларды ЮНЕСКО-ға мүше елде­рдің мәдениетін жақындастыру мен бей­біт­шілікке қолдау білді­руге шақы­рамыз», деді Ақтоты Райым­құлова.

Бұдан кейін Алматыдағы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша Клас­терлік бюросының ди­рек­­торы Криста Пиккат, Қазақ­станның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Қоры атқарушы ди­рек­торының орын­басары Игорь Рогов, Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Төрағасының орын­басары – Хатшылық мең­герушісі Леонид Проко­пенко, ЮНЕСКО клубтары, орта­­лықтары мен ассоциа­цияларының бүкіл­әлемдік федерациясының пре­зиденті Дхирендра Бхат­нагар, Астана қалалық Тіл­дерді дамыту бас­қар­масының басшысы Тілеу­ғали Қыш­қашбаев сөз сөйлеп, конференция жұ­мысына сәттілік тіледі.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»