17 Ақпан, 2010

КҮН САЙЫН КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ

1058 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Жарыстың төртінші күнінен кейін командалық есепте Швей­цария құрамасы жеке-дара көш бас­тады. Олардың еншісінде үш алтын медаль бар. Екі алтын, екі күміс және төрт қоланы олжала­ған АҚШ екінші тұғырға табан тіреп тұр. Оңтүстік Корея екі алтын және бір күміс­пен үшінші орынға шықса, Франция алтын мен қоланы қос-қос­тан иеленіп, үшінші және төр­тінші сатыларды өзара бөлісуде. Аталмыш елдерден бөлек, Гер­мания, Канада, Қытай, Чехия, Голландия, Словакия және Шве­ция­ның әнұрандары Ван­кувер көгін­де шырқалғанын айта кету абзал. Ал мақтаулы Ресейдің әзірге жолы болмай тұр. Олар бір ғана қола медальға иелік етіп, жалпы есепте 18-орыннан қараң­дап көрінеді. Канаданың Ванкувер қаласын­да алауы тұтанған ХХІ қысқы Олимпия ойындары өте тартысты өтіп жатыр. Кей жағдайда атақты спортшылардың өздері күтпеген жерде тұғырдан тайып, жалынды жастарға орын босатуда. Мәселен, кеше жұптасып өнер көрсетуде Ресейдің мәнерлеп сырғанаушы­лары жүлдесіз қалды. Білетін­дердің айтуынша, орыстар алғаш рет 1964 жылғы Олимпиадада олжа салған. Содан бері уақытта алтын тұғырды босатқан емес. Ванкуверде Ресейдің үш бірдей жұбы өнер көрсетті. Солардың арасындағы ең мықтысы Юко Кавагути мен Александр Смирнов еді. Алайда сын сағатта олардың жүйкесі сыр берді. Екеуі алма- кезек сүрініп, жүлдегерлер қа­тары­на қосылу мүмкіндігінен айырылды. Ресейдің өзге мәнер­леп сырғанаушыларынан еш қайыр болмады. Ал бұл сайыста Қытай спортшыларының мерей­лері үстем болды. Шэн Сюэ мен Чжао Хунбо алтыннан алқа тағынса, Пан Цин мен Тун Цянь күміске қол жеткізді. Германия­ның сырғанаушылары Алена Савченко мен Робин Шолковы үшінші тұғырға табан тіреді. Кеше Швейцария құрамасы екі алтынға қол жеткізді. 15 шақы­рымдық жолға шыққан шаңғышы Дарио Колонья шашасына шаң жұқ­тырмаса, тау шаңғысынан өт­кен жарыста Дидье Дефагоның бағы жанды. Сноубордингте амери­калық Сет Уэскот алдына жан сал­­ма­ды. Шаңғыдан әйелдер арасын­дағы 10 шақырымдық бәсе­кеде швециялық Шарлотта Калла қарсыластарын шақ келтір­меді. Ал конькишілер (500 метр) бәсекесінде жүлделі орындардың барлығына сары құрлық өкілдері жайғасты. Анықтап айтсақ, бас жүлдені Оңтүстік Кореяның оғыланы Мо Тай Бум олжаласа, Жапонияның ұлттық құрама командасы мүшелері Нейтиро Нагасимо мен Дзодзи Като қалған екі сатыға табан тіреді. Осы күні Қазақстанның бір­қатар спортшылары да жарыс жолына шықты. Солардың ара­сын­да ең үздік нәтиже көрсеткен шаң­ғы­шы­лар – Светлана Ма­лахо­ва мен Алексей Полтора­нин. Ал­ғаш­қысы озық ондыққа кірсе, соң­ғысы 14-орынды иелен­ді. Ал Нико­лай Че­батько, Сергей Чере­панов, Евгений Величко, Елена Коломина, Татьяна Рощина және Оксана Яцкая сынды белді спорт­шы­лары­мыз сенім үдесінен шыға алған жоқ. Шаңғыдан жарыс аяқталған соң конькишілер сап түзеді. 500 метрлік қашықтықта қазақстандық Роман Креч өнер көрсетті. Жас өрен қан­ша жалындағанымен, алпауыт елдердің атақты спорт­шыларына еш қарсылық көрсете алған жоқ. Тіптен, олардың шаңына ілесе ал­май қалды десек, ешкім айыпқа бұйырмас. Креч қорытынды есепте 34-орын алды. Жарыстың төртінші күнінен кейін командалық есепте Швей­цария құрамасы жеке-дара көш бас­тады. Олардың еншісінде үш алтын медаль бар. Екі алтын, екі күміс және төрт қоланы олжала­ған АҚШ екінші тұғырға табан тіреп тұр. Оңтүстік Корея екі алтын және бір күміс­пен үшінші орынға шықса, Франция алтын мен қоланы қос-қос­тан иеленіп, үшінші және төр­тінші сатыларды өзара бөлісуде. Аталмыш елдерден бөлек, Гер­мания, Канада, Қытай, Чехия, Голландия, Словакия және Шве­ция­ның әнұрандары Ван­кувер көгін­де шырқалғанын айта кету абзал. Ал мақтаулы Ресейдің әзірге жолы болмай тұр. Олар бір ғана қола медальға иелік етіп, жалпы есепте 18-орыннан қараң­дап көрінеді Ғалым СҮЛЕЙМЕН, арнайы “Егемен Қазақстан” үшін ­­- Ванкуверден.