Қазақстан • 09 Шілде, 2018

Астана қаласы туралы деректер мен дәйектер

2388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласы туралы деректер мен дәйектер

• Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда «Ақ­мо­ла қаласын Қазақстан Рес­пуб­ликасының астанасы деп жариялау туралы» жарлық шы­ғарды. Осы құжатқа сай Ақ­мола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылға 10 желтоқсаннан бастап ие болды.

• 1998 жылдың 6 мамырында Президент
Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласының Қазақстан Рес­публикасының астанасы – Астана қаласы болып өзгер­тiлгенi туралы» жарлыққа қол қойды.

• Жаңа астананы Әлемге таныстыру – ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды.

• 2008 жылы  24 маусымдағы Заңмен 6 шiлде – Астана күнi, мемлекеттiк мереке болып бел­гi­лендi.

• 1961 жылға дейiн – Ақмола қаласы деп аталды.

• 1961 жылдан 1992 жылға де­­йiн – Целиноград қаласы деп аталды.

• 1993 жылдан 1998 жылға дейiн  қайта Ақмола болып өзгертiлдi.

• 1999 жылдың шiлде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның шешiмiмен «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. 2003 жылы Әлемдiк «Moodys In­vestors Service» рейтингтiк аг­ент­тiгi қаламыздың кредиттiк рейтингiсiн Ва3-тен (тұрақты) Ва1-ге (оң) дейiн, бiрден екi дең­гейге көтердi.

• 2003 жылы Қазақстан елордасы әлемдік Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігінің нұсқауынша әлемнің үздік 30 қаласының тізіміне енді.