Спорт • Кеше

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та табысты өнер көрсетті

1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде сәтті өнер көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та табысты өнер көрсетті

Жарыстың басты қаһарманы Айбат Мырзамұратов болды. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:03.33 нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар спортшы 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02 секунд) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құраманың қоржынына тағы екі жүлдені Даниил Чужинов пен Артур Миронов салды. Даниил Чужинов 200 метрге кешенді жүзуде 2:09.20 нәтижесімен екінші орын алса, Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:03.76 уақыт көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар