Қазақстан • 10 Шілде, 2018

Сенат депутаттары «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймақта болды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Серік Жақсыбеков пенЕділ Мамытбеков жұмыс бабындағы сапар аясында «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймақтағы №1 индустриялық парктің нысандарын аралады.

Сенат депутаттары «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймақта болды

Сенаторлар сапар барысында аясында қағаз өнімдерін өндіретін «Ipek Kagit Asia» кәсіпорнында, «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында, «GLB» үй құрылысы комбинаты мекемелерінде болды. Кездесу қорытындысы бойынша еркін экономикалық аймақтың одан әрі дамуына кедергі келтіретін заң шығару сипатындағы бірқатар өзекті мәселелер айқындалды.

Парламентшілер Сенаттың бұдан былайғы жұмыстары барысында мүдделі тараптармен бірлесе отырып өзекті мәселелерді шешу және инвесторлардың ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылды жалғастыруға ниеттеніп отыр.