Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Радиолар басшылары Астанада бас қосты

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Азия медиа диалогы» атты халықаралық шара басталды. Жиында Орталық Азиядағы радионың бүгіні мен ертеңі, медиа саласындағы ортақ мәселелер талқыланбақ. Осыған орай елордаға Еуропа мен Азия радиоларының басшылары жиналды. 

Радиолар басшылары Астанада бас қосты

Жалпы, аудиторияны зерттеу, радио форматын қалыптастыру, озық тәжірибелерді ескеріп, теле­радиохабар тарату саласын за­манға лайық дамыту мәселелерін тал­қылау үшін 40 елден 150-ге жуық сарапшы келді. Бұл туралы Ақ­парат және коммуникациялар ми­нистрі Дәурен Абаев мәлім етті. 

Іс-шара аясында шілденің 9 күні Түркияның ТРТ радиосы мен «Қазақ радиолары» ЖШС бас­шылығы бейресми кез­десу өткіз­ді. Көршілес елдегі радио сала­­сының мамандары Ас­та­нада­ғы эт­но­ауылды көріп, қазақ­тың салт-дәстүрімен кеңінен танысты. 

Түркия радиолары бас­қар­ма­сының басшысы Ахмет Акчакая: «Бізді «Қазақ ра­диоларының»  әлеуметтік желідегі жұмысы қызықтырып отыр. Интернеттің радио имид­жіне берер пайдасын көріп, болашақта осы салада міндетті түрде тәжірибе алмасатынымызды айтқымыз келеді. Ал, біздің осы елге келген басты мақсатымыз – Түркия радиолары мен «Қазақ радиолары» арасында ынтымақтастық орнату», деді. 

Айта кетейік, осы жылғы мамыр айында «Қазақ радиолары» ЖШС делегациясы Түркияға барып, Малатия қаласында Түркия елдері радио фестивалінің құрметті қонағы болған-ды.

«Егемен-ақпарат»