Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Отырыс жұмысына заң қа­уым­дастығының өкілдері қатысты.

Кеңес Жоғарғы соттың кей­бір жергілікті соттарды құруға, атауларын өзгертуге және тара­туға, мұндай соттардың судья­лар санын өзгертуге және заң­мен көзделген негіздер бойын­ша жергілікті соттардың судья­ларын лауазымдарынан боса­туға және тағайындауға, соның ішінде Түркістан облысының құрылуына және Шымкент қала­сына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің бері­луіне байланысты ұсыныс­тарын қарады және оларға келісім берді.

Кеңес отырысында 2018 жылы 30 наурызда аудандық жә­не оған теңестірілген соттар­дың төрағалары мен судья­ларының, облыстық сот­тардың судьяларының бос орындарына орналасуға жа­рия­ланған конкурстың қоры­тын­дылары жасалды. 

Сонымен қатар Кеңес қыз­метке алғашқы рет тағай­ын­далған судьялардың бір жыл жұ­мысының нәтижелерін бекітті. Сот жюриінің шешіміне беріл­ген шағымды қарады, зейнет­керлік жасқа толған бір су­дьяның қызметте болу мерзі­мі­нің ұзартылуына келісім берді. 

Отырыстың қоры­тын­ды­лары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.

Қазақстан Республикасы 
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты