Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Алғашқы «жасыл» жобалар: Енді қалаларда жүзеге асырыла бастайды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Инвестициялар және даму министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық ту­ра­лы бұған дейін жасалған келі­сім шеңберінде баспасөз мәжі­лісі өтті. 

Алғашқы «жасыл» жобалар: Енді қалаларда жүзеге асырыла бастайды

Іс-шара аясында минис­трлік осы келісім бойынша төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыруға кіріскен кәсіпкерлерге «жасыл» сертификаттар тапсырды. 

Баспасөз мәжілісіне «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қоры» АҚ бас­қарма төрағасының орынбаса­ры Дәулет Әбілқайыров, ҚР ИДМ Индустриалды даму жә­не өнеркәсіптік қауіпсіздік коми­теті төрағасының орынбасары Нығ­меджан Мақажанов, Қазақстан­дағы Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Даму бағдарлама­сының үйлестірушісі Виктория Байғазина, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері мен БҰҰДБ сарапшылары және менеджерлері қатысты.

«Төмен көміртекті дамуға ар­налған тұрақты қалалар» сияқ­ты өзекті жобаларды жүзеге асыру − үлкен және шағын қалалар­дағы тұрақтылықты сақтап, энер­го­тиімді қала инфрақұрылымына инвестиция тартып қана қоймай, Қазақстанның ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша міндеттерді орындап, «жасыл» экономикаға өтуіне де ықпал етеді», − деді төраға орынбасары Н. Мақажанов.

2018 жылдың бірінші тоқсаны соңында Астана және Солтүстік Қазақстан облыстарының ғи­ма­рат­тарында энергия тұтынуды азай­туға бағытталған алғашқы алты жоба мақұлданды. 

Жобалардың бірі – «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық ке­шені ғимаратының жарық­тан­дыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» мемлекет-жекеменшік серіктестік жобасы. Оның аясын­да министрлік ғимаратының жа­рықтандыруын жаңғырту жоспарланған.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»