Аймақтар • 11 Шілде, 2018

Жезқазғанда жаңа жылыту турбинасы іске қосылды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғандағы жылу электр ор­талығында тәуелсіздік ал­ғалы бергі тарихта ал­ғаш рет қуаттылығы 50 МВт №8 жаңа турбина іс­ке қосылды. Ол қала тұр­ғын­­дарын қажетті жылу энер­­гиясымен қамтамасыз етіп, стансаның жұмыс ти­ім­ділігі мен сенімділігін жо­­ғарылатуға мүмкіндік бе­реді.

Жезқазғанда жаңа жылыту турбинасы іске қосылды

Т-50/60-8,8 жаңа жылыту турбинасын орнату жұмыстары 2015 жылы басталған. Оны іске қосу стансаның бекітілген электр қуатын 252 МВт, бекітілген жылыту қуатын 564 Гкал/сағ дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осыған дейін ЖЭО-да тек не­гізгі және қосымша құры­л­ғы­лар­ды ауыстыру және қалпына кел­тіру бойынша жұмыстар жүр­гізілген. Стансаны кеңейту, №8 жаңа турбоагрегатты құ­ру кәсіпорынның қалпына кел­ті­ру және техникалық қайта жаб­­дықтау инвестициялық бағ­дар­ламасын жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды.

Ол стансаның сенімділігі мен жұмыс тиімділігін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар тур­бо­құрылғылардың жалпы то­зуын тө­мендетуге мүмкіндік бе­реді, сон­дай-ақ Жезқазған өңі­рін тұ­рақ­ты электр қуатымен қам­ти­тын болады.

Жаңа турбоагрегатты іске қо­с­у шарасына Қарағанды облы­сы әкімінің орынбасары Ана­то­­лий Шкарупа мен Жез­қаз­ған қа­ла­сы­ның әкімі Қайрат Бе­гімов қа­т­ысты.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,

Жезқазған қаласы