Әлемдік додаға Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан Мақшат Мейіржан қатысып жүлдемен оралды. 23 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатында Мақшат Мейіржан жүгіруден 800 м қашықтықтан чемпион атанса, сонымен бірге 200 м қашықтықтан жүлделі ІІ орынды иеленді. Осы кезеңге дейін де Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстарға қатысып жүлдемен оралған болатын.
«Егемен-ақпарат»