Жазғы спорт • 11 Шілде, 2018

Жаһан жаңалықтары. Буффон ПСЖ қақпашысы атанды

116 реткөрсетілді

Италияның «Ювентус» клубының экс-қақпашысы Джанлуиджи Буффон Францияның ПСЖ командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы Париж клубының ресми сайты хабарлады.

40 жастағы қақпашы ПСЖ командасымен 1+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойған. Әзірше жылдық табысы нақты хабарланған жоқ. Дегенмен La Gazzetta dello Sport басылымының жазуынша, Буффонның жылдық табысы 4 миллион еуро болмақ. 

Джанлуиджи «Ювентус» командасынан кететінін мамыр айында мәлімдеген болатын. Ол Италия клубының қақпасын 2001 жылдан бері қорғап келген еді. Буффонның қызметіне ПСЖ командасынан бөлек, Аргентинаның «Бока Хуниорс» клубы да қызығушылық білдірген.

Жаңа салмақтар қосылды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ерлер және қыздар бәсекесіне жаңа салмақ қосты. Енді ерлер де, қыздар да 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. 

Жаңа салмақ категориясын федерация ғылыми және статистикалық мәліметтер бойынша негізге ала отырып жасап шыққан. Бір ерекшелігі, спортшылар халықаралық жарыстарға барлық салмақ дәрежесі бойынша қатысқанымен, 2020 жылы Токиода өтетін олимпия ойындарына 10 салмақтың тек жетеуі ғана бақ сынайды.    

Ерлер арасында 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102, 109 және 109 килодан жоғары салмақтағы спортшылар барлық жарыстарға қатысса, 61, 67, 73, 81, 96, 109 және 109 килодан жоғары олимпиадалық салмақ болып есептеледі. Ал қыздар арасында 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87 және 87 килодан жоғары халықаралық, 49, 55, 59, 64, 76, 87 және 87 килодан жоғары олимпиадалық салмақ болып бекітілді.

«Тур де Франс» басталды

Франция астанасы Парижде велоспорттан бейресми «әлем чемпионаты» саналатын «Тур де Франс» бәсекесі басталды. Биыл 105 рет ұйымдастырылып жатқан додаға еліміздің атынан «Астана» велокомандасы да қатысып жатыр.

Велододаның алғашқы кезеңі жаппай спринтпен аяқталып, «Астана» командасының көшбасшысы Якоб Фульсанг 9-орын иеленсе, екінші кезеңде мәреге 25-ші болып келді. Ал жарыстың үшінші күнінде командалар уақытқа жарысып, елорда командасы сегізінші орын алды.  

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша, жалпы есепте, Фульсанг көш басында келе жатқан Грег Ван Аверматтан 51 секундқа артта қалып, 13-орында келеді.

Дайындаған

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Майдан тудырған сөз

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар