Аймақтар • 11 Шілде, 2018

Атырауда түнгі марафон өтті

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда марафон жарысы жиі ұйымдастырылады. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараларға қатысушылар қатары да көбейіп келеді. Бірақ бұл жолғы бәйге басқаша, түнгі Атыраудың көшелерінен 2000-ға жуық желаяқ жүгіріп өтті. Ұйымдастырушылар дода Астананың 20 жылдығына арналған шаралар қатарына енгізілгенін айтады.  

Атырауда түнгі марафон өтті

– Түнгі марафон бұған дейін болмап еді. Жарыс туралы жа­рия­ланған күннен бас­­тап қызығушылық танытқандар көп болды, бұл бізге шабыт берді. Жастар ғана емес, егде жастағы тұр­ғындар да жарыс ала­ңына шық­ты, – дейді «Atyrau Marathone-2018» ұйым­дас­тыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Бес шақырымдық жолды ал­ғашқы болып жүгіріп өткен Базар­бай Дәуталиев жеңіске жетті. 24 жас­тағы Базарбай Атырауда өтетін мара­фондарға тұ­рақты қатысып жүр. Мә­реге алдымен келген он қаты­сушыға арнайы сый­лықтар табысталды. Ендігі марафон күзде болады, сон­дай-ақ желаяқ балалар арасында жа­рыс өткізу де жоспарда бар.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ