Аймақтар • 11 Шілде, 2018

Қостанай облысында жарты жылда 14 адам өрттен қаза болды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде облыстық баспасөз клубы ұйымдастырған брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев мәлімдеді. 

Қостанай облысында жарты жылда 14 адам өрттен қаза болды

Фото: ng.kz

Жыл басынан бергі алты айдың ішінде облыс өңірінде 596 өрт тіркелген, онда 14 адам ажал құшқан, оның сыртында 2 адам газға тұншығып өлген. Материалдық шығын 23 миллион теңгедей қаржыны құраған. Адам шығыны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға көбейген. Өрттің салдарынан 19 адам жарақат алған.

Азамат Орынбаев суға кеткендердің саны да  былтырғыға қарағанда көп екенін айтты. Биыл алты айда  су айдындарында 6 төтенше оқиға болып, онда 6 адам суға кеткен. Оның екеуі балалар.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

Қостанай