Кәсіпқой бокс • 11 Шілде, 2018

Головкиннен тартып алынған белдік Джейкобс пен Деревянченко арасында сарапқа салынады

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.

Головкиннен тартып алынған белдік Джейкобс пен Деревянченко арасында сарапқа салынады

Джейкобстың ісін жүргізетін британиялық промоутер Эдди Хирн Деревянченконың мүддесін қорғайтын америкалық әріптесі Лу ДиБелламен келісімге келгенін мәлімдеді.

«Қымбатты досым Лу ДиБелламен бір апта келіссөздерден кейін HBO арнасындағы IBF белбеуі үшін Джейкобс – Деревянченко жекпе-жегінің шартын қабылдауға қуаныштымын. Мерзімі жақында Нью-Йорк үшін айтылады", - деп жазыпты Хирн Twitter желісінде.