Аймақтар • 11 Шілде, 2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі мен халқына алғыс білдірді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хатта Елбасы Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген.

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі мен халқына алғыс білдірді

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Түркістан облысы да елордаға ерекше сый жасады. Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады. Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін», - делінген алғыс хатта.

Айта кетейік,  Астананың 20 жылдығына орай бірқатар облыстардың атсалысуымен елордада жаңадан 56 шақырым веложол салынған болатын. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Есіл өзенінің жағалауынан Д.Қонаев көшесіндегі көпірге дейінгі аралықта жүргізілген велосипед жолы Түркістан облысының атсалысуымен жүзеге асқан болатын. Бұл жол Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жол мен Ильинка кентінен «жасыл белдеу» арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдермен, тұрақтармен, wi-fi және телефонды қуаттау мүмкіндігі қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жабдықталған.