Футбол • 11 Шілде, 2018

Еурокубок қатысушыларын жүгіру арқылы қолдады

31 реткөрсетілді

Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлері Астананың 20 жылдық мерейтойына және Еурокубог ойындарына қатысып жатқан қазақстандық клубтарды қолдау мақсатында Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионында президенттік сынаққа қатысып, 2,5 шақырым жүгірді.

Бұқаралық шараға Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожиннан басатп, Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Ұлттық құраманың жаттықтырушылары Станимир Стоилов, Цанко Цветанов, Саид Ибраимов , Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов және федеарцияның тағы басқа бір топ өкілдері қатысты.

– Астанада күн райы ыстықтау болғанымен, мереке үшін, командаларымызды қолдау үшін бұл бізге кедергі бола алмайды. Сондай-ақ аптасына екі рет футбол федерациясының өкілдерімен доп теуіп, жүгіріп әрдайым денемізді шынықтырып тұрамыз. Сондықтан бұл біз үшін үйреншікті жағдайы. Өздеріңіз білетіндей, күні кеше Қостанайдың «Тобылы» Еурокубогты жеңіспен бастап берді, қалған командалар да жеңіс үшін аянып қалмайды деп ойлаймын. Сол үшін футболшыларға осындай қолдау білдіріп жатырмыз, – дейді футболдан ұлттық құрама жаттықтырушысының көмекшісі Қайрат Нұрдаулетов.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар