Жарты жылда жалпы қылмыстың 5,6 пайызға азайғаны байқалған. Ал аса ауыр қылмыстар саны 18,8 пайызға, орташа ауыр қылмыстар 4,6 пайызға кеміген.
Мұнымен қоса, Бекет Аймағамбетов халыққа қызметтің бұрынғыдан жақсара түскенін, ішкі істер органдарына азаматтар сенімінің күшейгенін айтып өтті.
«Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қызметтің нақты бағыттарында, оның ішінде тәртіп мен заңдылықты, ішкі істер органдарындағы сыбайластққа қарсы іс-қимылды күшейтуде жұмыстарды жандандыра түсу керек», деді Бекет Аймағамбетов.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай