Қазақстан • 22 Шілде, 2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

1168 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына арналған баспасөз маслихаты өтті.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Елбасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) қол қойды.

Аталған заңдар азаматтардың білікті заң көмегін алу кезіндегі конституциялық құқығын іске асыруда олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайтуға, сондай-ақ білікті заң көмегін көрсету механизмдерін жетілдіруге бағытталған.

Заңмен азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға және келесі мәселелерді шешуге  бағытталған бірқатар шаралар көзделген:

- заң көмегін заңгер мамандарының өкілдерімен жеткіліксіз сапада көрсету;

- азаматтарды жосықсыз адвокаттар мен жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердін әрекеттерінен қорғау механизмінің болмауы;

- білімнің жылдам ескіруі және біліктілікті тұрақты көтеру қажеттілігі;

- адвокаттардың тапшылығы; 

- адвокаттар алқаларының қызметінде ашықтық пен айқындықтың болмауы.

Атап айтқанда, заң көмегін көрсететін субъектілердің жауапкершілігін көтеру мақсатында сапасыз заң көмегін көрсеткені үшін оларды жауапкершілікке тарту тәртібі қайта қарастырылды.

Заңмен құрамында 6 адвокат, қоғамның 3 өкілі және отставкадағы 2 судья бар тәртіптік комиссиялардың екі деңгейлі жүйесі көзделген, бұл азаматтардың шағымдарын объективті және жан-жақты қарастыруды, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етеді.

2020 жылдан бастап адвокаттардың, заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі, бұл сенім білдірушілерге білікті заң көмегін алуға және сапасыз заң көмегі көрсетілген жағдайда келтірілген зиянды өтеуге кепілдік береді.

Адвокатураның сапалы құрамын жақсарту мақсатында Заң нормаларымен адвокаттардың жылсайын біліктілігін міндетті арттыру механизмі көзделген, бұл нәтижесінде адвокатпен көрсетілетін қызметтердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға себеп болады.

Адвокат мамандығына қол жетімділігін, тиісінше адвокаттар арасындағы бәсекенің көтерілуін және адвокаттардың қатарына жас заңгерлердің қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бастапқы нысаналы жарна түріндегі мүліктік кедергіні алып тастау көзделді.

Заңмен әлеуметтік және қаржылық қиын жағдайдағы азаматтар үшін адвокаттан немесе заң консультанттарынан, өзінің құқықтық жағдайын толық сүйемелдеумен ақысыз заң көмегін алу көзделген

Халықты хабардар ету және әділ баға қалыптастыру мақсатында, адвокаттың және заң консультанттарының қызметіне (қызмет түрлері бойынша) төленетін орташа ақы енгізу көзделген. Осы ақпарат адвокаттар алқаларының және заң консультанттары палаталарының сайттарында ашық қол жеткізуге орналастырылады, бұл азаматтарға қызметтің орташа бағасын анықтауға және оны асырып көтермелеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заңнама тұрғысынан жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің құқықтық мәртебесі, құқықтары мен міндеттері бекітіледі. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда сотта азаматтың мүддесін жоғары заң білімі бар кез келген адам білдіреді, осы ретте осындай көмек жиі сапасыз көрсетіледі. Сондықтан, сотта азаматтардың мүддесін білдіретін тұлғалар үшін заң консультанттар палатасының мүшесі болу міндеті көзделген, бұл сөзсіз Қазақстандағы заң қызметтерін көрсету нарығының дамуына, заң көмегінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін көтеруге себеп болады.

Бұдан басқа, адвокаттар және заң консультанттарының өзара, адвокаттар алқаларымен, заң консультанттар палаталарымен, мемлекетпен қарым-қатынасын реттеуге мүмкіндік беретін заң көмегі ақпараттық жүйесін енгізу арқылы адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін автоматтандыру және оңтайландыру ұсынылады.

Заң негізгі мақсаты заң көмегінің ашықтығын, әділдігін және сапасын көтеру болып табылатын бірқатар басқа да жаңашылдықтарды қамтитынын атап өткен жөн.

Жалпы айтқанда, Заң нормалары халыққа жоғары біліктілігі бар мамандармен сапалы және қол жетімді заң көмегін көрсетуге бағытталған.

Заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкелмейді, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.