Үкімет • 22 Шілде, 2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

188 реткөрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша АТ-қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында экономиканы цифрландыру мен қазақстандық АT-қауымдастықты дамытудың ауқымды жұмыстарының негізгі кезеңдері талқыланды. Атап айтқанда, «Astana Hub» АТ-стартаптардың халықаралық технопаркінің инновациялық кластерін құру, отандық кадрларды даярлау, ақпараттық қауіпсіздік, АТ-стартаптар үшін инновациялық гранттар бөлу, сондай-ақ отандық АТ-қызметтердің экспорттық әлеуетін қолдау және отандық АТ-компаниялардың қызметтеріне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою секілді мәселелерге ерекше назар аударылды.

Бизнес-қауымдастық өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамыту туралы өздерінің көзқарастарымен бөлісіп, сондай-ақ өздерінің ұсыныстары мен қызығушылық танытатын мәселелерін айтты. Мәселен, бүгінгі таңда АТ-мамандарын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, отандық АТ-компанияларды мемлекеттік қолдау, МЖӘ тетіктерін жетілдіру, электрондық коммерцияны ынталандыру, АT-компаниялар арасында бәсекелестікті дамыту, сонымен қатар, цифрлық экономика дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері толғандырады.

Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, қаржы вице-министрі Р. Еңсебаев сөз сөйледі.

Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 20 отандық АТ-компанияның мүмкіндіктері туралы презентациялық стендтермен танысты.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында цифрландыруды дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берген еді.

«Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет АТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияларды қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады», — делінген Жолдауда.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар