Бокс • 23 Шілде, 2018

Бокстан ағайынды Әйтеновтердің турнирі аяқталды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда бокстан ағайынды Орал мен Қорған Әйтеновтерді еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан және Қазақстанның бірқатар аймақтарынан келген жас өрендер бақ сынады.

Бокстан ағайынды Әйтеновтердің турнирі аяқталды

10 салмақ дәрежесі бойынша өткен бәсекеде мына былғары қолғап шеберлері жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді: 49 кило – Санжар Күреңбаев (Павлодар), 52 кило – Нұрсұлтан Нұриденов (Батыс Қазақстан), 56 кило – Нұрсұлтан Исахан (Астана), 60 кило – Сұлтан Мусинов (Ақмола), 64 кило – Арман Сайлау (Түркістан), 69 кило – Ақжол Әбдіхан (Маңғыстау), 75 кило – Джозеф Окаро (Солтүстік Қазақстан), 81 кило – Қуаныш Кеулімжаев (Ақтөбе), 91 кило – Тимур Мухамедзянов (Ресей) және +91 кг
Ояз Мәуленов (Қостанай).

Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының тастүлегі Сұлтан Мусинов ең үздік боксшы болып танылса, түркіменстандық Шүкір Овезов пен қарағандылық Азат Жаңбырбай «Жеңіске деген жігері» және «Көрермендер көзайымы» сыйлықтарын иеленді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»