Білім • 24 Шілде, 2018

Сараптау сапаны арттырады

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының жоғары оқу орындарының білім беру бағ­дарламаларына бағалау жүргізу рейтингінің бірінші кезең нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

Сараптау сапаны арттырады

Жиынға Білім және ғы­лым вице-министрі Талғат Ешен­құлов, «Атамекен» ҰКП басқа­ру­шы директоры Олжас Ордабаев және құрылыс саласы бойынша сарапшы Әлібек Марданов қа­тысты.

«Бұл бағалауды біз «Ата­ме­кен» ҰКП-мен бірлесіп жүр­гіз­дік. Өздеріңізге белгілі осы жыл­дың басында аталған шараны бас­тайтынымызды мәлімдеген бола­тынбыз. Осы жұмыс бо­йынша 2000-ға жуық білім беру бағ­дар­ламасын бағалауды мақсат еттік. Бүгінгі таңда 33 мамандық бойынша 784 білім беру бағ­дар­ламасын бағалап шықтық. Ол бағалауға негізі техникалық ма­мандықтар, әлеуметтік ғылым­дар, экономика және бизнес ма­ман­дықтары енгізілді. Жалпы баға­лау әдістемесі бойынша біз екі кезеңге бөлдік. Бірінші ке­зең ол, нақты статистикалық мәлі­меттер болса, екінші кезеңі сол бағдарламаларды бағалау. Бағалауға жұмыс берушілердің өкіл­дерін және арнайы сарапшыларды шақырдық. Ал бірінші бағыт яғни, статистикалық бағыт бойынша әр жоғары оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу пайызын, сонымен бірге олардың айлық жалақы мөлшерін, сауалнама жүргізу арқылы жұртшылықтың жоғары оқу орнына қанағаттанатынын немесе қанағаттанбайтынын негізге алдық. Сонымен қатар мұғалімдерінің сапасын, сол білім саласына құйылған инвес­ти­цияның көлемін, тағы да басқа мәселелерді негізге ала отырып бағалау жұмысын жүргіздік», деді Талғат Ешенқұлов.

Сондай-ақ ол, бұл бағалау неге әсер етеді, қандай нәтиже береді деген сұрақтар туын­дауы мүмкін екенін алға тартып, кеңінен ақпарат берді.

Рейтинг бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері алдағы уа­қыт­та Білім және ғылым минис­тр­лігінің және «Атамекен» ҰКП-ның сайттарында жарияланады», деді вице-министр.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»