Аймақтар • 24 Шілде, 2018

Ақтөбеде діни ағымды ұстанушыларды жұмысқа орналастыру жөнінде іс-шаралар кешені белгіленді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Ақтөбе өңірінде теріс діни ағымдардың жетегінде жүрген жандарға арналған кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрі олардың бұ­рыс жолға түсуіне әсер еткен­ жайттарға да жан-жақты әрі­ терең талдау жасалуда. Со­ның басты себебінің бірі, жұмыс­сыздық салдары екені белгілі болып отыр. Осындайда ұлы Абайд­ың «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық – аздырар адам баласын» деген өлең жолдары еріксіз еске түседі. 

Ақтөбеде діни ағымды ұстанушыларды жұмысқа орналастыру жөнінде іс-шаралар кешені белгіленді

Сондықтан өңірде діни ағымдарды ұстанушыларды жұмысқа орналастыру мен кә­сіп­керлік іске тарту жөнінде іс-шаралар кешені белгіленді. Облыстағы лаңкестікке қарсы комиссияның мәжілісінде осын­дай шешім қабылданды. Атал­ған комиссияның төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі екенін ескерсек, комиссия шешімі нәтижесіз әрі аяқсыз қалмайтынына үлкен сенім ар­туға болады.

Бердібек Машбекұлының мә­лім­деуінше, мәселеге дәл осы тұрғыдан келе білудің өзі әлеу­меттендірудің оң әдісі бол­мақ. Ал облыстағы дін іс­тері жөніндегі басқарманың дерек­теріне сүйенсек, өңірде діни ағымдарды ұстанушылардың арасында 300-дей жұмыссыз бар. Сондай-ақ жазасын өтеп жатқандар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға қатыс­ты жұмыстарды жүйелі жолға қою қажеттігі де ай­қын­ байқалады. Осы орайда Ақтөбе қаласы мен Алға жә­не Байғанин аудандарындағы лаң­кестікке қарсы комиссиялар өз істерін ширата түсуге тиіс. Қысқасы, қазіргі кезде об­­лыс­­та діни экстремизм мен лаң­­кестікке қарсы іс-әрекеттер ауқымы арта түсуде. Мұндағы басты мақсат күш қолдануға емес, керісінше атқарылатын жұмыстардың тиімділігін кө­теру­ге бағытталған.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ