Аймақтар • 27 Шілде, 2018

Емле ережесі екшеледі

821 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қо­ғам­дық-саяси жұмыс комитеті Шай­сұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-прак­ти­ка­лық орталығымен бірлесіп, Бурабай бау­райындағы «Балдәурен» оқу-сауық­ты­ру орталығында демалып жатқан екі жүз­ден астам оқушы­ның қатысуымен қа­зақ тілінің латын графикасына не­гіз­­делген жаңа емле ережелерінің қа­нат­­қақты жобасын алғашқы сынама­дан өткізді. 

Емле ережесі екшеледі

Басты мақсат – жаңа емле ережелерін дай­ын­дау барысында егжей-тегжейлі ақыл­даса отырып, қо­ғамдық пікірді зерттеу.

Ережеге сәйкес сынамаға оқушылар өздеріне қойылған алты сұраққа жауап беруге тиіс болды. Ұзын-ырғасы алты бет­­тік жинақтың алғашқы парағына сы­­нақ тапсырушы туралы мәліметтер тол­­тырылады. Екінші, үшінші бетке ла­тын әріптерімен таңбаланған сөзд­е­р­дің дұрыс нұсқасын таңдау, кириллицамен жазылған сөздердің дұрыс және ыңғайлы нұсқаларын латын әріп­терімен жазып шығулары керек. Соң­ғы беттерде оқушылар өздерінің ұсы­ныстарын білдіреді. Бұл арада ұйым­дастырушылар осы сынақ арқылы қазақ тіліндегі төл, кірме және шетел сөздерін латын әліпбиімен таңбалаған кезде туындауы мүмкін кедергілер мен кемшіліктерді сараптамақ.

– Алғашқы сынама оқушылардан бас­талып отыр. Алдағы уақытта бар­лық сала қызметкерлерін қаты­с­ты­ра­тын боламыз. Сынама нәти­же­сінде алынған статистикалық, сапал­ық мәліметтер емле ережелерінің жал­пы­­ха­лықтық қолдауға ие нұсқасын әзір­­леуге септігін тигізеді, – деді тіл­ші­лермен тілдескен сәтінде «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орта­лығының атқарушы директоры Ербол Тілешов.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен тіл мамандары қатысты.

Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан» 

Соңғы жаңалықтар