Аймақтар • 27 Шілде, 2018

Қарағанды облысында IV-ші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

819 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында өткен IV-ші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына мамандандырылған әскери мектеп-интернаттарының оқушы жастары қатысты. 

Қарағанды облысында IV-ші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

 Жастар Спасскдіге оқыту орталығында бірнеше күн  күш-қабілеттеріне  сай әскери дайындықтарын көрсетті. Әскери-далалық тактикалық ойын жалпы есебі бойынша павлодарлық «Қайсар» әскери-патриоттық клубы Бас жүлде иеленді. Жеңіспен оралған команданы облыс әкімі Болат Бақауов құттықтады.

Облыстағы «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығы» басшысының орынбасары Темірболат Әленовтың айтуынша, бұрын «Айбын» жастар арасындағы республикалық әскери-патриоттық оқу-жаттығу жиынынан 4,5 орындар алып жүрген. Биыл жаңа жақсы, жетістікке жеттік,-дейді.

Байқауға 10 ұл бала, 5 қыздан тұратын клубтық командамыз, яғни, әскери мектеп-интернат оқушылары және әскери-патриоттық клубтар арасындағы  «Қайсар» клубының  оқушылары қатысты.  Жиында «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны, робототехника бойынша «Менің роботым» конкурсы, «Айбын дауысы» мега-арт фестивалі, сондай-ақ мәдени-демалыс тақырыптық кештер, кездесулер, викториналар сияқты іс-шаралары өткізілген.

-Екі ай бойы дайындалдық. АК-74 автоматын шашу мен жинауға қатыстым,-дейді «Қайсарлық»  клуб мүшесі, Кенжекөл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Фархад Искаков.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар