Қазақстан • 27 Шілде, 2018

Қазақстандықтар 17 жылда бір рет қайталанатын құбылысты тамашалады

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар табиғаттың сирек құбылысын байқады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар 17 жылда бір рет қайталанатын құбылысты тамашалады

Бүгін жер серігінің 21 ғасырдағы ең ұзақ тұтылуы болмақ. Қазақстандықтар Астана уақытымен 23:13-те басталған астрономиялық құбылысты 03:13-ке дейін бақылай алады. Сағат 00:24-тер шамасында дөңгелек Ай Жер көлеңкесіне жақындай түседі.

Аспан шырағын сағат 1:30-да Жер көлеңкесі толығымен торлап, қою қызыл түске бояйды. Құбылыс 3:13-ке дейін созылады. Жер серігі таңғы 4:19-да көлеңкеден шығады.