Қазақстан • 29 Шілде, 2018

«Отар» 40-шы әскери базасында «АрХО-2018» сайысына күшейтілген дайындық жүруде

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылы Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында ҰҰА есептоптарының «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» сайысы және әскери байланысшылардың «Сенімді қабылдау» байқауы өтеді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

«Отар» 40-шы әскери базасында «АрХО-2018» сайысына күшейтілген дайындық жүруде

Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштерінің «Отар» 40-шы әскери базасының мәдени-тынығу орталығында келген әскери қызметшілер үшін таныстыру брифингтері өткізілді, байқаулардың негізгі ережелері, жаттығулардың кестесі және қауіпсіздік техникасының негізгі талаптары жеткізілді.  Қазақстандық тарап сайыс қатысушыларының жайлы тұрулары үшін барлық жағдай жасады. Тамақтану рационы қатысушылардың ас үйіне барынша бейімделген. Күн сайын мәдени-тынығу және спорттық іс-шаралар өткізілуде.

«Қазақстан өте қонақжай ел, былтырғы жылдағыдай бізді құшақ жая қарсы алды. Тамақтары дәмді, жатақханада тұру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Біз дән ризамыз және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауында жеңіске жеткіміз келеді», - деп Венесуэланың команда қатысушы Н. Рамирез алған әсерлерімен бөлісті.