Қазақстан • 03 Тамыз, 2018

Өзбекстан қазақстандық инвесторлармен жұмыс істеуге әзір

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан көлік құрастыру саласы бойынша қазақстандық инвесторлармен жұмыс істеуге әзір. Бұл турасында қос тараптың кәсіпкерлері бас қосқан Ташкентте өткен бизнес-кездесуде мәлім болды.

Өзбекстан қазақстандық инвесторлармен жұмыс істеуге әзір

Бұдан бұрын химиялық, металлургия, мұнай-газ салалары мен жеңіл өнеркәсіп бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланып келген болатын. Жиын барысында екі ел арасындағы көлік құрастыру ісіне баса назар аударылды.

- Бүгінгідей ауқымды іс-шара өткізе отырып, шетелдік инвесторлар үшін нарықтағы мүмкіндіктерді қарастырғымыз келеді, - деген Нодир Абдуллаев, Өзбекстанның инвестиция жөніндегі комитет директоры әріптестік қарым-қатынасты жандандыруға ынталы екендіктерін жеткізді.