21 Желтоқсан, 2011

Астаналық облыстан бастады

337 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сайлау-2012 Дүйсенбі күні «Нұр Отан» ХДП республикалық қоғамдық штабының өкіл­дері Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумовка ауылында болды. Нұротандықтардың айтуынша, олар өз кездесулерін ауылдан бастағаны кездейсоқтық емес. «Қазақ­стан. 2017 мақсаттары. Ұлт­тық іс-қимыл жоспары» сай­лауалды тұғырнамасы ба­сымдықтарының бірі ауыл­ды дамыту болып та­былады. «Нұр Отан» бұрын да ауылға қолдау көрсетуге арналған бірқатар бағ­дар­ламаларды әзірлеген еді. Олардың ішінде жұмыспен қамту, ауылдық кәсіп­кер­лікті дамыту бағдарлама­ла­ры бар. Ал «Дипломмен – ауылға!» партиялық жоба­сы­ның іске асырылуы ауыл­дық жерлерге 14 мыңнан астам дәрігер мен мұғалім­дерді тартуға мүмкіндік берді. Осы жоба жалғасын та­ба­ды, ауылға енді басқа да мамандар баратын болады. Бас­ты мақсат – ауыл тұрғын­дары­ның өмір сүру деңгейін қалалықтарға жақындату. Наумовка – шағын ауыл. Осында және оның үш бө­лім­шесінде, яғни Филипповка, Виноградовка және Өрнекте бір жарым мыңнан астам адам тұрады, барлығы – 500-ге жуық аула. Нұротандықтар «Хлебороб» кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесіп, Наумовка ауылының көше­ле­рінде тұрғындармен партия Тұғырнамасының ұстаным­да­рын түсіндірді, сондай-ақ жергілікті дүкеннің баға­ла­ры­мен танысты. «Біздің партиямызды ел Президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев басқарады. Өз­деріңізге белгілі, Елбасы­мыз ауылдың дамуы үшін барлығын жасап жатыр. «Нұр Отан» партиясының да агро­өнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту үшін де, ауыл­дар­ды көркейту үшін де нақты іс-шаралар жоспары бар. Біз­дің партия – нағыз халықтық партия», – деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, респуб­ли­калық сайлауалды штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин. Жаңа технологиялар, экс­порттық әлеуетті қолдану және өнімділіктің 2 есеге өсуі агроөнеркәсіптік кешен­нің бәсекеге қабілеттілігін қам­­тамасыз етеді, делінген партияның бағдарламалық құ­­жатында. Партия назары­ның басты объектісі ауыл­дық­тардың өздері, олардың әлеуметтік мәселелері бо­лып табылады. Олардың табыстарын ұл­­ғайту үшін 5 жылдық мерзімге 3 миллионға дейінгі микронесиелерді бөлу арқылы ауылдық кәсіп­кер­лікке қол­дау көрсетілетін болады. Жуық арадағы 5 жылда ор­талықтанған су жүйесімен ауылдық елді мекендердің 65 пайызы қамтылады. Партия жергілікті жолдарды қайта құру, абаттандыру, кө­галдандыру саясатын жал­ғастырады. Ел Президенті, партия Төр­ағасы Нұр­сұлтан Назар­баевтың бастамасы­мен әзірленген «Балапан» бағ­дарламасы бойынша ба­лабақшалар құрылысы жал­ғасып келеді. Шағын мектептер мәселесін шешуді де көздейді. Ұтқыр көлік ме­дицинасын дамыту да осы қатарда. Тұрғын үй жайы да назардан тыс қалмаған. Дастан КЕНЖАЛИН. Ақмола облысы.