Тарих • 06 Тамыз, 2018

Шоқанды ынтықтырған Шартас

161 реткөрсетілді

  Райымбек ауданындағы Сарыбастау ауылының солтүстік жағында Шартас деген жер бар. Шартас бұл ауылдан онша алыс емес, бар болғаны шамамен алты-жеті шақырым шамасындай ғана жерде. Шығысында Үйсін тауының үлкен жотасы жатса, солтүстігінде Есекартқан тауы. Бұлардың ортасында ерекше тартып алақандай жерді алып, сізді қызықтырған Шартас көрінеді.

Бұл жөнінде «Қазақстан ғылымы мен жоғарғы мектебі» басылымының жауапты хатшысы қызметін атқарған досымыз Жексен Алпартегі былай баяндайды: «Бұл ғажайып көріністерді мен 1961 жылы көргенмін. Әкеміз Шартастың жанында мал бағып жаз бойы отырды. Біз тау тастарына шығып жүріп, үңгірлерге де кіретінбіз.Бір үңгірдің қабырғалары шіркеу тәріздес болып келсе, зымыран құстың кескінімен қатар бір-біріне айбат шеккен арыстандардың бейнелерін және жан-жануарлардың да суреттерін көрген едік. Ал оның төменгі жағындағы бір жалпақ таста адам жұдырығы сиятын тесік та бар еді.Ол туралы үлкен кісілер: «Кезінде бұл тесік тасқа Манас батыр атын байлапты. Аты өте ақылды болыпты, жайылымға жіберілгенде Текестен су ішіп, Тұздыкөлдің тұзын жалап қайтады екен» деген әңгіме айтатын.Ал соған таяу жердегі үстел тәрізді тас та өзінің ерекшелігімен таңдандыратын. Үстел болғанда кәдімгі төрт бұрышты, үсті теп-тегіс тас. Таудың етегінен жоғары биіктеген сайын тастар бір-біріне мінгескен күйде таудың басына дейін жалғаса беретін. Олар қолдан жасалған мүсіндерге көбірек ұқсаса, шоқпар тәріздес, бүркіт бейнелі, кейбірі адамға да ұқсайтын тастарды көріп, қызығушы едік. Тауды асықпай аралап көрген адам мұнда көп сырға қанық болары сөзсіз»-дейді автор «Ғибрат» деген кітабында.

Ал Шоқан еңбектерінде ғалым бұл өңірге 1856 жылы тамыз айында полковник М. Хоментовский басқарған орыс әскери-ғылыми экспедицияның құрамына Шелек жақтан қосылғанын жазған. Экспедиция Ыстықкөл мен Күнгей Алатауында болып, бұдан кейін атақты Шалкөде жайлауына аялдағанын білеміз. Құрамында жүзден астам адамы бар экспедиция жер шенеуші топографтардың бастығы Яновский мен Жетісуды жақсы білетін аудармашы Бардашов, шекарашылар тобы, сонымен қатар албан, жалайыр руының тарихты жақсы білетін адамдарынан жасақталса, әйгілі Әбілес Тазабек (Тезектің бауыры), Бұлан Сасыбаев, Байғозы Тіленшин, Жайнақ Темірбеков және басқалардың болғанын Шоқан жазбаларында кездеседі. Экспедициядағылар тау мен тасты карталарға түсірумен қатар, мұндағы тарихи маңызы бар жерлерге ерекше мән бергенін аңғарасыз.Бұл Шоқанның Шалкөдеге алғаш барғаны болса, ғалымның қайыра келгенін  Қашқар сапарында Шалкөде өзенінің жағасында қос тіккенін орыс жазушысы Сергей Макаровтың «Асқарға аттанғандар» деген кітабында баяндалады. Ал, белгілі балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» повесінде Шоқанның Шартасқа әскери-ғылыми экспедиция құрамында болған Бұлан ақсақал мен Байғозы қарияны ертіп, Шартас алқабына барғандығын әңгімелейді.Аңызды тыңдаған Шоқан Байғозы қарияның әңгімесін сүйсіне тыңдап өз дәптеріне жазып алып, «бұл бір анықтай түсер аңыз екен» -деп жазып алғаны бекер әңгіме болмаса керек-ті. Шіркін, Шартас...

Шоқанды ынтықтырған Шартас...                                              

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

 Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар