21 Желтоқсан, 2011

Әлеуметтік мәселелерді шешуге мүдделілік

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше 15 қаңтарда өте­тін Парламент Мәжілісі сай­лауы алдындағы үгіт-наси­хат шараларына орай, «Әді­лет» демократиялық пар­тия­сының лидері Мақ­сұт Нә­рікбаев Жамбыл об­лы­сында болды. Облысқа са­па­ры кезінде партия жетекшісі журналистермен кез­десіп, баспасөз мәсли­ха­тын өткізді. Баспасөз-мәс­лихаты кезінде бірқатар өзекті мә­се­лелер талқы­лан­ды. Со­лар­дың ішінде Мақ­сұт Нә­рік­баев бірінші кезекте, орал­мандарға қатыс­ты мә­се­лелерге айрықша назар аударып, құжаттарды рәсім­деу мен азаматтық алуға, ба­лалар жәрдем­ақы­сына бай­ланысты шешілмей жатқан проблемалардың түйінін тез арада тарқатуға қажетті атқарылуға тиісті ша­раларға орай өз ұсы­нысын жеткізді. Журналистермен кездескеннен кейін М.Нәрікбаев қапияда көз жұмған, қайтыс бол­ғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағына лайық деп табылған капитан Ғазиз Байтасовтың отбасымен жүз­десіп, оның туған-туыс­қан­дары мен жақындарына көңіл айтты. Партия жетекшісі өзінің шынайы құрметі ретінде қаза болған капи­та­н­ның балаларына университетте тегін білім алуға мүм­кіндік беретін арнайы сер­ти­фикаттарды табыс етті. Сон­дай-ақ, ол бұл ретте құқық қорғау органдары қыз­мет­кер­лері мен әскери азамат­тар­дың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді күшейту мәселесін көтерді. Бұл күні қалалық Мәде­ниет үйіндегі сайлаушы­лар­мен өткен кездесуінде Мақ­сұт Нәрікбаев халықты «Әді­лет» партиясының сай­лау­алды тұғырнамасындағы негізгі ереже-қағидаларымен таныстырды. Өзінің сөзінде ол партияның қоғамдағы өт­кір және маңызды мәселе­лерді шешуге мүдделілік танытып отырғанына тоқ­тал­ды. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда жастардың жұмыспен қамтылу мәселесінің күн тәртібінде тұрғандығын, сол себепті, жоғары оқу орын­дарын жаңа бітірген, алайда жұмыс істеу тәжірибесі жоқ жастарға тиісті квота бөлінуі қажеттігін жеткізді. М.Нәрікбаевтың айтуын­ша, Парламент Мәжілісіне сайланған жағдайда олар кең көлемді конституция­лық реформалар жүргізіп, заң шығарушы органның өкі­леттігін арттыруға, тәу­ел­сіз сот жүйесін қалып­тастырып, атқарушы биліктен тәуелсіз облысаралық, округтік және халықтық бейбіт сот билігін, яғни билер сотын орнатуға күш салатын көрінеді. Қазіргі кезде елімізде аза­маттардың еңбек құқын заң жүзінде қорғау қажет­тілігі бой көрсетуде, дейді «Әді­лет» партиясының төр­ағасы. Олардың ара­сын­да түр­лі мамандық иелері  бар. Әсі­ре­се, қара­пайым еңбек адам­да­ры ба­сым болып та­бы­лады. Біз­дің партияның мақсаты – әрбір азаматтың  заң­ды мүд­десі мен құқын қор­ғап, олар­дың лайықты өмір сүрулеріне жағдай туғызу. Қазіргі таңда «Әділет» партиясы сайлаушылардың 40 пайызға дейін дауысын алудан үмітті екендіктерін жасырмайды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.