22 Желтоқсан, 2011

Әр отбасына жылу мен жарық сыйлаған

367 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Ел экономикасы үшін энергетика саласының алар орны ерекше. Осыған орай Қазақстан энергетиктерінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ әңгімелейді. – Дүйсенбай Нұрбайұлы, әңгі­мені ат­қарылған ауқымды істерден бастасақ... – Тарих еншісіне ауысқалы тұр­ған 2011 жыл тек «Самұрық-Қазы­на» АҚ үшін ғана емес, сонымен бір­ге тәуелсіз Қазақстанның бүкіл электр энергиясы саласы үшін ай­ту­лы оқиғаларға толы десек, артық айт­қандық емес. Биылғы жылдың мамыр ай­ында «Сам­ұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен «Сам­ұр­ық-Энерго» АҚ арас­ын­да номиналды қуа­ты 4 000 МВт. болатын «Болат Нұржанов атын­дағы Екі­бастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның номи­налды ка­пи­талының 50 пайызын сенімді басқару туралы келісім-шарт бекітілді. Осы­ны есепке алғанда, «Сам­­­ұрық-Энерго» АҚ электр стан­са­ла­ры­ның белгіленген жи­ын­тық қуаты 7670,9 МВт.-ға дейін жетті, ол Қа­­зақ­стан­ның Біртұтас электр желілері электр стан­саларының белгіленген жиын­тық қуа­ты­ның шамамен 40 па­йызын құ­райды. Осы­лай­ша, «Сам­ұрық-Энерго» елдің ең ірі эл­ектр-энер­гетикалық компаниясына айналды. Сонымен бірге, үстіміздегі жыл­дың ба­сын­да «Ерменсай», «ҚазМУ», «Медеу» және «Шымбұлақ» транс­форматорлы қо­сал­қы стансалары және «Азиада-2011 ны­сан­да­рын электр­мен жабдықтау» жобасы шеңбе­рінде салынған қуаты 110 кВ. бо­латын жоғары вольтті кабельді электр тарату желілері іске қосылды. Қазіргі уақытта аталған қо­сал­қы стан­салар Алматы қаласының эко­но­ми­ка­сы мен тұр­ғындарының өмір­лік қыз­ме­тін қам­та­масыз етуде ма­ңыз­ды орын алады. Осының бәрі электр қуа­тына алдағы 15 жыл бо­лашаққа қо­сымша тұтынушыларды қосу мүм­кін­дігін қамтамасыз етті. Оның сыр­тында біз Ал­маты метро­политенінің бірінші кезегін электр қуатымен қам­тамасыз ететін 110/10 кВ. кернеуіндегі «Алатау» және «Отырар» қо­сал­қы стансаларын па­й­далануға бердік. Жапонияның «Mitsubishi» ком­па­ния­сы­ның лицензиясы бойынша қуаты 630 МВт. болатын турбо-ге­нераторы бар «№3 ст.энер­гоблогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта құру» жөніндегі ірі инвестициялық жоба жүзеге асы­рылды және әлемдегі энергетикалық қазандық агрегаттарын өндіруші­лер­дің бірі – немістің «Babcock» фир­масының лицен­зиясы бойынша бу генераторы орнатылды. Жаңа энер­гоблок 2014 жылы пайдалануға беріледі. Одан кейін Екібастұз ГРЭС-2-нің белгіленген қуаты 1000-нан 1630 МВт.-ға дейін ұлғаятын болады. Қуаты 300 МВт. болатын «Мой­нақ ГЭС-і құрылысы» жобасын жү­зе­ге асыру жұмыстары да аяқталып келеді. Бестөбе су қоймасы, дери­ва­циялық жүйе мен ГЭС ғи­мараты құрылыстары аяқталды. Су қысы­мы 500 метр болатын осынау айрықша ГЭС-тің іске қосылуы Оңтүстік Қа­зақстан өңіріндегі электр қуаттары тапшылығын азайтып, осыған дейін Орталық Азия республика­ларынан алынып келген энергия қуаттары импортына деген тәуелділіктен ары­луға қомақты үлес қосатын болады. Айта кету керек, бұларҮИИДБ-ға кіретін жобалар. – Осы айтылғандардың сыр­тында келешекте тағы қандай жұмыстар жүзе­ге асырылмақ? – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев энергия үнемдейтін техноло­гия­ларды енгізу бойынша міндет қой­­ып отыр. Осыған орай «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық ноу-хаулар негізінде жарық-иодты шамдар мен шырағдандар өндірісін құру жөнінен техникалық-экономикалық негіздеме әзір­леу­де. Осы жаңалық­тың арқасында жарық-иодты шамдар мен шырағдандардың жұ­мыс ресурсын айтарлықтай арттыруға, сон­дай-ақ шеттелдік өндірісшілер­дің ұқсас өнімдерімен салыстыр­ған­да олардың баға­ларын төмендетуге қол жеткізілетін болады. Люминесцентті және қызу шам­да­рын біртіндеп жарық беруші энер­гия үнем­дей­тін жартылай өткіз­гішті жарық-иодты шам­дарға ал­мас­тыру электр тұтынуды елеулі түрде тө­мендетуге жағдай туғызып, энергия ресурстарын айтарлықтай үнемдеуді қамта­масыз етеді деп ойлаймын. Тағы бір атап өтер жәйт, таяуда Мәс­кеуде «Самұрық-Энерго» АҚ ресейлік «ИНВЕНТ» және «Ункомтех» холдингтерімен ықпалдастық тура­лы екі меморандумға қол қойды. Қол қойылған құжаттар Қа­зақ­стан аумағында кабельді сым өткізгіш өн­ім­­де­рін шығару жөнінен бірлескен кә­сіп­орындар құру мүмкіндіктерін қарастырады. – Акционерлік қоғам жоспа­рын­да жаңартылатын энергия көз­дерін игеруді қарастыратын жобалар бар ма? – «Самұрық-Энерго» АҚ Ақмола облы­сын­да «51 МВт.-лық Ерейментау ЖЭС» және Алматы облысында «60 МВт.-лық Шелек ЖЭС» жел стан­салары құрылысы жобасын жүзеге асыруға кірісті. Екі электр стансасы да бо­ла­шақта әрқайсысын 300 МВт.-ға дейін ұл­ғай­та отырып са­лы­­натын бола­ды. Сол сияқты «Сам­ұрық-Энерго» Қапша­ғай қаласында қуаты 2 МВт. болатын күн электр стансасы құрылысының жоба­сын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта осы станса­лар­дың тех­ни­калық-экономикалық негіздемелері әзір­ле­ну­де. Оларда электр стан­салары құры­лы­сының жалпы жос­пары, жаңартылатын энер­гия көз­дері ресурстары, электр энергиясын тарату мен оларды сыртқы желілерге жал­ғау схе­масы қарастырылатын болады. – «Самұрық-Энерго» АҚ-тың табыс­қа жету сыры неде деп ой­лайсыз? – Осы жетістіктердің бәрі 15 мыңға жуық адам жұмыс істейтін «Самұрық-Эн­ер­го» АҚ компаниялар тобындағы 18 ұжым­­ның ынты­мақ­ты жұмысының нәтижесінде мүм­кін болып отыр. Біз кадр әле­уетін дамыту және оның кәсіби деңгейін арттыру мәселелеріне үлкен маңыз береміз. Мәсе­лен, өткен жылы оқуға бөлінген қаржы 135,7 миллион тең­гені құрады. 7 755 адам оқу курс­та­рынан өтті. Қо­ғамда кадрларды даярлау, қай­та даярлау және біліктілігін арттыру жө­нінен 3 оқу орталығы жұмыс істейді. Оның сыртында «Самұрық-Эн­ер­го» тә­жірибе алмасу және жаңа технологияларды үйрену мақса­тын­да Кембридж, Лондон (Ұлы­­британия) сияқты әлемнің жетекші университеттерімен және Қазақстан мен Ре­сейдің ғылыми-техникалық кәсіп­орын­дарымен, «Назарбаев университетімен» өз­ара байла­ныстар ор­натқан. Қоғамның кә­сіп­о­рын­да­ры есебінен 78 қызметкер жоо-ларда, 27 адам колледждерде оқып жүр. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бар­лық энергетик­терді кәсіби мерекелерімен және алдағы Жаңа жылмен құт­тықтағым келеді. Олар­дың тиімді жұмыстарының нәтиже­сінде бола­шақ­та да қазақ­стан­дық­тардың отба­сы­ларында жарық пен жы­лу­дың және жайлы тұрмыстың бола беретініне сенімім мол.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ